Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет10/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
Цифрлық әлеуметтендіру 
Әлем адамның барлық мәдени тәжірибесін түбегейлі өзгертетін төртінші индустриялық 
революция табалдырығында тұр. Үшінші революция — өткен ғасырдың 1960-шы жылдары 
басталған цифрлық революция, – жер құрлығының едәуір бөлігінде адамзатты осындай 
трансформацияға салыстырмалы түрде жеңіл дайындады. Қазір біз басқа әлемде өмір 
сүреміз, ол біздің көз алдымызда тігінен көлденең қалыпқа, жабықтан ашыққа, желіден 
желілікке, реттелгеннен беймәлімге, бір мәндіден көп мәндіге, тұрақтыдан ағымдағыға 
айналуда. Барынша қарқынды өзгерістер жағдайында адамзатқа осы жаңа әлемге жылдам 
бейімделуге тура келеді. Және жер өркениеті тарихында алғаш рет алдыңғы қатарлы 
жасақтар ретінде ересектер емес, өскелең ұрпақ өнер көрсетеді. Балалар интернетті меңгеру 
белсенділігі бойынша ересектерден айтарлықтай алда (Солдатова Г.У., Рассказова Е.И., 
Нестик Т.А.).
Г.У.Солдатованың, Е.И.Рассказовтың, Т.А.Нестик және т.б. 2010-2018 жж. өткізген 
популяциялық зерттеулердің деректері баланың дамуының әлеуметтік ахуалына цифрлық 
орта призмасы арқылы қарауға мүмкіндік берді және оның дамуындағы өзгерістерді 
анықтайтын кейбір ерекшеліктерін (когнитивтік және тұлғалық даму, қоршаған ортамен 
өзара қарым-қатынас ерекшеліктері, әлеуметтік және мәдени тәжірибелер) ажыратуға 
көмектесті: 
— 
жаңа мәдени құралдар мен аспаптардың — дербестендірілген және мобилді 
заманауи электрондық құрылғылардың жоғары технологиялық арсеналын жаппай және 
бұрынғыдан да ерте меңгеру; 

баланың жаңа, нашар реттелген және оның тіршілік ету ортасына әсер ету 
мүмкіндігі әлі белгісіз онлайн-мәнмәтіндерде бос уақытының басым көпшілігін 
өткізуінің белең алуы; 
— 
жасөспірімдердің дамытушы, оқытушы және ойын-сауық контенттерін барлық 
онлайн-ресурстарға қолжетімді дереккөз ретінде қолдануы және онлайн-коммуникация 
алаңдары ретінде белсенді, дербес және стихиялық түрде меңгеруі; 
— 
әлеуметтік желілерге жасөспірімдер үшін маңызды өзін-өзі таныстыру, әр түрлі 
әлеуметтік рөлдерді игеру, бірегейлігі мен өзін-өзі жүзеге асыру алаңдарының мәртебесін 
бекіту; 
— 
жасөспірімдердің онлайн-байланыстар, соның ішінде нақты өмірде қарым-қатынас 
тәжірибесі болмаған «бейтаныс достар» есебінен әлсіз байланыстар арқылы әлеуметтік 
капиталы шеңберінің айтарлықтай кеңеюі; 
— 
онлайн-ортаның жаңа тәуекелдерінің кең ауқымымен: контенттік, 
коммуникациялық, техникалық және тұтынушылық, сондай-ақ интернетпен шамадан тыс 
қызығушылық тәуекелімен қақтығысу; 
— 
жасөспірімдер мен олардың ата-аналарында Интернетті пайдаланудың кеңістіктік-
уақытша конфигурациясындағы елеулі айырмашылық; 
— 
балалар мен ата-аналар ұрпақтарының арасындағы цифрлық алшақтықтың болуы, 
ересек адамдар тұлғасының әмбебаптығын және оның бала-ата-ана қатынастарындағы рөлін 
төмендету;
— 
балалар мен ата-аналардың цифрлық құзыреттіліктерінің жеткіліксіздігі, бұл ата-
аналарға цифрлық технологияларды тиімді және қауіпсіз пайдалану бойынша сарапшылар 
рөлінде болуға мүмкіндік бермейді; 
— 
жас және орта жастағы (Y және X ұрпақтары) мектеп мұғалімдерінің білім беру 
процесін жаңғыртуға дайындығына қарамастан, білім беру жүйесінің цифрлық қоғамның 
өзгерістеріне сәйкес келмеуі. 
Бірінші кезекте интернеттің оны басқа медиатехнологиялардан ерекшелейтін 
айрықша технология ретінде әсерін, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен 
денсаулығының нормативтік моделдерінің ықтимал өзгерістерін, цифрлық өмір салты 


13 
контекстінде жол берілетін шекараларды, ұрпақтар арасындағы цифрлық алшақтықты есепке 
алуды және ересектердің балалық шақты онлайнда және аралас шынайылықта құрастыру 
мүмкіндіктерін азайтуды назарға алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет