Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Ресейдегі білім беру саласындағы психологиялық қызметті қолдау жүйесі



Pdf көрінісі
бет8/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Ресейдегі білім беру саласындағы психологиялық қызметті қолдау жүйесі
Қазақстан мен Ресей бұрын бір мемлекеттің құрамында болғандықтан, белгілі бір 
уақытқа дейін мектеп психологиясын дамыту тәжірибесі екі елге ортақ болды. Мектеп 
психологиясын дамытудың бұл кезеңі сіздерге таныс деп ойлаймыз. Сондықтан біз тек 
кейбір мәселелерге ғана тоқталамыз. 
ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап психологиялық қызмет қарқынды қалыптасып 
келеді. Теориялық мәселелерді талқылауға, мектеп практикасында психологияны 
пайдаланудың практикалық тәжірибесін талдауға, сондай-ақ отандық психологияның мектеп 
практикасын қамтамасыз етуге арналған жарияланымдар пайда болды. 
Мектептегі психологиялық қызметті дамытудың маңызды кезеңі ретінде Мәскеу 
мектептеріне практикалық психолог лауазымын енгізу бойынша жүргізілген көп жылдық 



экспериментті (1981-1988) атап өтуге болады. Экспериментті ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету Ресей Білім Академиясы Психологиялық институтының балалар 
практикалық психологиясының ғылыми негіздері зертханасының әзірлеуімен жүзеге 
асырылды (эксперименттің ғылыми жетекшісі – И.В. Дубровина). 
Мектеп психологиясы қызметіне 1989 жылы шыққан КСРО Халыққа білім беру 
жөніндегі Мемлекеттік комитетінің (1989 жылғы 27 сәуірдегі N16) елдің барлық оқу-тәрбие 
мекемелеріне мектеп психологі бірлігін енгізу туралы Нұсқаулық хаты үлкен қолдау 
көрсетті. Бұл хат мектептегі практикалық психолог қызметінің құқықтық негіздемесі болып 
табылды. Осы кезеңнен бастап мектепке психолог штатын енгізу жұмыстары басталды және 
аталған бағытта кадрлардың жетіспеуі өзекті мәселеге айналды. Бұл мектеп психологиясын 
дамыту саласындағы Кеңес мемлекетінің соңғы құжаттарының бірі болды. 
Психологиялық қызмет 1994 жылдың маусым айында Мәскеуде өткен Ресей 
Федерациясы практикалық білім беру психологтерінің I съезінде қоғамға танымал болды. 
РФ Білім және ғылым Министрлігінің алқалық отырысында (19.03.95ж. №7/1) сол кезде 
Ресей білім беру министрі орынбасарының қызметін атқарған, белгілі орыс және кеңес 
психологі А.Г. Асмолов «білім беру жүйесіне практикалық психологияны енгізу келесі 
міндеттерді қоюға және шешуге ықпал етті деп атап көрсетті:

біріздендірілген білім беруден вариативті білім беруге көшу;

«білім, білік және дағды» педагогикасынан даму педагогикасына көшу; 

мектепке дейінгі, жалпы, қосымша, бастауыш кәсіптік және арнайы білім беруде 
оқытуды дамыту, түзету және толықтыру бағдарламаларын әзірлеу;

дамыту ортасын жобалау мен сараптауды дамыту» деп атап көрсетілді. 
«Ресейдегі мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаттары мен 
перспективалары» атты мақалада «елдің шынайы жағдайында білім беру жүйесіндегі 
психологиялық қызметтің пайдасын» дәлелдейтін дәлелдемелер келтіріледі. М.//Психология 
мәселелері, 1994, №2, 99-112 (Е.Ю. Пряжникова, Н.С. Пряжников) 
Ресейдің білім берудегі психологиялық қызмет жүйесін қалыптастыруда үлкен 
ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылғанын осыдан 
байқауға болады. Ресейдегі психологиялық қызметтің бастапқы кезеңіндегі негізгі міндет 
психологиялық білімді насихаттау, оларды педагог қызметіне және отбасылық тәрбиеге 
енгізу болды. 
1999 жылы Білім министрлігінің «Ресей Федерациясы Білім министрлігі жүйесіндегі 
практикалық психология қызметі туралы» ереже бекітілді (22.10.99ж. №636 бұйрық). Білім 
берудегі практикалық психология қызметі Ресей білім беру жүйесінің Балалар мен 
жасөспірімдердің прогрессивті психикалық дамуын қамтамасыз етуге, олардың қабілеттерін, 
бейімділігін дамытуға, олардың әлеуетін іске асыруға, мүмкін болатын ауытқулардың алдын 
алуға арналған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бұл жерде қызмет дегеніміз 
құрамына барлық үлгідегі білім беру мекемелерінің педагог-психологтері кіретін 
ұйымдастыру құрылымы болып табылады.
2003 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында өткен практикалық білім беру 
психологтерінің Бүкілресейлік съезінде Ресей Білім берудегі практикалық психология 
қызметінің педагог-психологінің Этикалық кодексі қабылданды. 
Жаңа Федералдық мемлекеттік білім беру стандартын енгізу және соған байланысты 
мектептегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім беру мекемелеріндегі психологиялық 
қызметтің бірқатар жаңа функцияларын анықтайды. Бұл ең алдымен, білім берудің нәтижесі 
ретінде оқудың әмбебап іс-қимылдарын енгізуге қатысты болды. Метапәндік және жеке 
құзыреттілікті өлшеу қажеттілігі білім беру процесінің нәтижелерін диагностикалау жүйесін 
құруды талап етеді, ал аталған құзыреттілікті қалыптастыру және өлшеу технологиясы 
мектеп психологі қызметінің негізгі мән-мазмұнына айналады. 
Жаңа кезеңде барлық білім алушылардың негізгі білім беру бағдарламасын тиімді 
меңгеруін қамтамасыз ету үшін педагог-психологтердің және басқа да білім беру процесін 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының қызметін біріктіру талап етілді. 



Бұл білім беру ұйымы базасында психологиялық-педагогикалық қолдауды әзірлеу мен 
жұмыс жүргізудің айқын көрсеткіші болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау 
белгілі бір тәртіппен реттеп отыруды талап етті («Мектеп психологиялық қызметінің 
мәселелері: жаңғырту қажеттілігі» мақаласы). 
Мектеп психологиясын дамытудың заманауи кезеңі 2017 жылы бекітілген «2025 жылға 
дейінгі кезеңге арналған Ресей Федерациясының білім беру жүйесіндегі психологиялық 
қызметті 
дамыту 
тұжырымдамасын» 
(Білім 
және 
ғылым 
министрлігінің 
19.12.2017ж.бұйрығы) іске асырумен байланысты. 
Осы құжатта көрсетілгендей, бұл тұжырымдаманы әзірлеуге бүгінгі таңда ресейлік білім 
беру жүйесінде заманауи сын-қатерлерге сәйкес келетін, білім беру қатынастарының барлық 
қатысушыларына, оның ішінде мүгедек балалар, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар, 
дарынды балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 
сапалы кәсіби көмек көрсететін тұтас қызмет қалыптаспағаны негіздеме болды. 
Психологиялық қызметтің қазіргі жай-күйіне талдау жасаудың нәтижесі шешуді қажет 
ететін тұтас кешенді мәселелерді анықтады. Оларға білім беру жүйесінде психологтер мен 
педагог-психолог мамандардың жетіспеуі, кәсіби көмек көрсету стандарттарының болмауы, 
қызмет аясындағы жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтауда бірыңғай тәсілдің болмауы 
жатады. Айта кететін жағдай, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 сәуірдегі есебі 
бойынша, Ресейдің жалпы білім беру ұйымдарында қазір 16 141 педагог-психолог жұмыс 
істейді. Іс жүзінде бір педагог 2,5 мектепті қамтиды.
Осыған байланысты бұл Тұжырымдаманың мақсаты білім алушылардың қоғамға 
бейімделе алмау және әлеуметтік ортаға дағдылана алмау тәуекелдерін төмендетуді 
қамтамасыз ету үшін психологиялық қызметтердің өңірлік тәжірибелерін ескере отырып, 
қазіргі заманғы психологиялық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін ықпалдастыру және оң 
жұмыс тәжірибесімен ұштастыру негізінде Ресей Федерациясының Білім беру жүйесіндегі 
психологиялық қызметті дамыту стратегиясын айқындау болып табылады. 
Осылайша білім беру мекемелеріндегі ресейлік психологтердің таяудағы 5 жылда одан 
әрі даму перспективалары белгіленген деп айта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет