Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Қазақстанда психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы



Pdf көрінісі
бет9/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Қазақстанда психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы 
1920 жылы Қазақ Республикасы автономия алғаннан кейін халыққа білім берудің өзекті 
міндеттері анықталып, оның ішінде жаңа мектептер салумен қатар педагогикалық 
психологияға байланысты мәселелер де қолға алынды. Психологиялық білімді меңгеру, 
ғылыми психологиялық әдебиеттерді әзірлеу, тиісті қабілеттерді дамыту қажеттілігі пайда 
болды. 
Бұл мәселелерді шешуде ғалымдар В.Я. Струмский мен А.П. Нечаев маңызды рөл 
атқарды. В.Я. Струмский Қазақстанда басылып шыққан алғашқы психологиялық еңбек
«Психология» (1923 ж.) кітабының авторы болып табылады. Қазақстандық психологтерді 
балалармен жұмыс істеуге дайындауда белгілі психолог А.П. Нечаевтың қызметі аса 
маңызды болды. Ол қабілеттерді дамытудағы проблемаларды айқындайтын экспериментттік 
педагогика мен психологияның «синдромдық психология» тұжырымдамасын ұсынды. 
Қазақстанда білім берудегі психологиялық қызметті дамытуға алдыңғы қатарлы қоғам 
қайраткері және көрнекті ғалым Ж. Аймауытовтың сіңірген еңбегі зор болды. Ж.Аймауытов 
балаларға білім беру жүйесіне психологиялық білімді енгізудің маңыздылығын атап 
көрсетті. 20-жылдарда республикадағы мұғалімдер қауымы өз жұмыстарында Ж. 
Аймауытовтың «Психологиясын»(1926) пайдаланды. Педагогикалық психология бойынша 
(«Психология және мамандық таңдау», «Оқытудың кешенді жүйесінің әдістері» және т.б.) 
бірқатар кітаптар жарық көрді. 
Ж. Аймауытов өзінің «Психология және мамандық таңдау» (1926) деп аталатын 
еңбегінде жастардың болашақ мамандықты таңдауында олардың психологиялық 
ерекшеліктерін есепке алудың қажеттілігіне назар аударған. Осы ерекшеліктерді анықтау 
үшін тек психологиялық білімі ғана емес, педагогикалық білімі бар маман болуы тиіс. 


10 
1958 жылы қыркүйекте КСРО психологтер Қоғамының Қазақстандық бөлімі құрылды. 
ХХ ғасырдың 60-жылдарында жас ерекшелігі, практикалық психология және 
психодиагностика сияқты психология саласындағы зерттеулер қолға алынып, олардың 
зерттеу нәтижелері мектептерде қолданыла бастады. Эксперимент ретінде халыққа білім 
беру жүйесінде психологтер – ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, кәсіптік-
техникалық училищелер мен мектептерде психологиялық-педагогикалық зерттеулер 
жүргізген жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ практикадан өткен студенттер 
жұмыс істей бастады. Қазақстанның көрнекті психологтерінің бірі М.М. Мұқанов осы 
жылдары жарық көрген еңбектерінде психологтің біліктілігі мен тәжірибесіне ерекше назар 
аударды.
Республикадағы психология саласы бойынша жарық көрген 70-80-жылдардағы 
зерттеулер, әсіресе педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясы елеулі 
жетістіктерге жетті. 1925 жылдан бастап жарық көрген «Қазақстан мектебі» ғылыми-
педагогикалық журналының беттерінде жас ерекшеліктері және педагогикалық психология 
мәселелері бойынша көптеген мақалалар жарық көрді.
Егер кеңес дәуіріндегі Қазақстан психологиясының дамуы туралы айтатын болсақ, оның 
жетекші саласы жас ерекшеліктері психологиясы және педагогикалық психология болғанын 
атап өтуге болады. 
Ал 80-жылдары психологиялық білім беру қызметі және мектеп психологінің қызметі 
ресми мәртебеге ие болды. Алғашқы кезеңде біздің республикамызда мектептегі 
психологиялық қызметтің қалыптасуы стихиялы түрде жүзеге асырылды. КСРО мемлекеттік 
комитетінің халыққа білім беру бойынша жоғарыда көрсетілген Нұсқаулық хатына сәйкес 
(1989 жылғы 27 сәуірдегі N16) 80-жылдардың соңында мектеп пен интернаттардың жаңашыл 
директорларының бастамасымен алғашқы мектеп психологтері өз жұмыстарын бастады. 
Білім беру ұйымдарында мамандар жетіспеуіне байланысты базалық психологиялық 
дайындығы жоқ қызметкерлер жұмысқа тартыла бастады.
Бұл жерде Т.Т. Тәжібаев және М.М. Мұқанов сияқты көрнекті ғалымдардың Қазақстанда 
психология ғылымының дамуына қосқан зор үлесін атап өтуге болады. 80-жылдардың 
соңында қазақстандық ғалымдар жаңа мамандықтың ашылуына ықпал еткен мектеп 
психологінің біліктілік моделін әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізді.
1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында 
«Практикалық психолог» мамандығы ашылды, бірақ әртүрлі жағдайларға байланысты 
олардың дайындығын педагогикалық арнаға бағыттау мүмкін болмады. 
1990 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогика және психология» мамандығының 
ашылуында психология ғылымдарының докторы, профессор Виталий Константинович 
Шабельников маңызды рөл атқарды. Педагогика кафедрасының қатысуымен студенттерді 
даярлауға арналған оқу жоспары әзірленді, оны игеру педагог-психологтің қажетті кәсіби 
маңызды құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталды. 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылғы «Дарынды балаларға арналған 
мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту туралы» өкіміне байланысты мектеп 
психологиясын дамыту және психологиялық қолдау көрсету қажеттілігі өзекті мәселелердің 
біріне айналды. Мектеп психологиясының жаңа бағыты – дарынды балалармен жұмыс жолға 
қойылды. Танымал қазақстандық ғалымдар У.Б. Жексенбаева,
К.К. Жампейісова, Н.Д. Иванова, С.И. Лактионова қатысқан авторлық ұжымның 
«Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту 
тұжырымдамасы», У.Б. Жексенбаеваның «Дарынды балалармен жұмыс істеу теориясы мен 
практикасы», А.К. Сатованың «Дарынды жоғары сынып оқушылары мен студенттерді 
дамытудың теориялық-методологиялық негіздері», Б. Нұрмағамбетованың «Ауыл мектебі 
жағдайында дарынды балалармен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдердің дайындығын 
қалыптастыру», Л.М. Нарикбаеваның «Жоғары педагогикалық мектепте болашақ маманның 
кәсіби дарындылығын дамыту», С.М. Джакупованың «Дарындылықтың психологиялық 
диагностикасы» тақырыптарындағы дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған ғылыми 


11 
диссертациялар қорғалып, бірқатар еңбектер жарық көрді. 
2000 жылы қазақ тілінде К.Б. Жарықбаевтың орта мектепке арналған «Психологияға 
кіріспе» атты кітабы шықты, автор бұл кітабында қабілетті оқушылармен жұмыстағы 
психолог қызметінің негізгі аспектілеріне жан-жақты сипаттама береді. 
Еліміздің барлық мектептерінде жаңа бағыт – дарынды балалармен жұмыс жүргізіле 
бастады. Бұл жағдайда мектеп психологтерінің рөлі де арта түсті. Республикада даму 
психологиясы, педагогикалық психология саласындағы эксперименттік зерттеулер 1993 
жылы «Дарынды балаларды іздеу, оқыту және тәрбиелеу» тақырыбы бойынша жұмыс 
жүргізетін ғылыми-зерттеу тобының негізінде құрылған жас ерекшеліктері және 
педагогикалық психология зертханасында жүзеге асырылды. 
Кейін ол Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының отбасылық тәрбие және 
психология зертханасына айналды. Бұл зертхана алғаш рет ел мектептеріндегі 
психологиялық қызмет жұмысын біріздендіруге әрекет жасады. 2001 жылы Қазақстан 
Республикасындағы психологиялық білім беру қызметінің үлгілік ережесі әзірленді, онда 
психологтің білім беру жүйесі субъектілерімен жұмысқа негізделе бағдарлануы және оның 
әкімшілікпен, педагогтермен, ата-аналармен жұмыс жүргізу сипаты атап көрсетілді. 
2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру 
ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 
жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығын бекітті. ҚР БҒМ 2014 жылғы 11 қарашадағы №458
бұйрығы шыққан соң, бұл бұйрықтың күші жойылды. Аталған ережелерде психологиялық 
қызметтің келесі бағыттары белгіленген: психодиагностикалық, кеңес беру, ағартушылық-
профилактикалық, түзету-дамыту және әлеуметтік-диспетчерлік қызмет бағыттары. 
Сонымен қатар психологтердің білімі мен жұмыс орнына қойылатын талаптар анықталды. 
2015 жылдан бастап мектептегі психологиялық қызмет өңірлік құрылымдар (әкімдіктер, 
білім беруді басқару органдары) тарапынан реттеледі. 
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі психологиялық қызмет «Зияткерлік мектептердегі 
психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыруға арналған нұсқаулық» негізінде жүзеге 
асырылады.
Осы құжаттың негізінде өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес «Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» ДББҰ филиалдарындағы психологиялық қызметтің төмендегідей жалпы 
функциялары анықталды. Олар:

Зияткерлік мектептерде білім беру процесін сүйемелдеудің нәтижелілігін қамтамасыз 
ететін психологиялық факторларды зерделеу және бағалау;

оқушыларды, оқушылар тобы мен педагогикалық ұжымды диагностикалық жеке 
тексеруді ұйымдастыру және жүргізу; 

оқушылардың дара қасиеттері мен ерекшеліктерін психологиялық бағалауды жүзеге 
асыру; 

дарынды балалармен жұмыс жүргізу түрлері мен әдістерін зерделеу және бағалау, 
оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

лауазымды тұлғаларға қызметті ұйымдастыру мен басқару салалары туралы шешім 
қабылдау мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру; 

оқушыларға, педагог қызметкерлерге, ата-аналарға уақытылы кешенді жеке тұлғаға 
бағытталған психологиялық көмек көрсету (кеңес беру, түзету, алдын алу); 
-
мектеп әкімшілігіне оқушылар мен педагог қызметкерлер үшін қолайлы білім беру 
ортасын құруды қамтамасыз ететін қажетті психикалық жағдайларды қолдау бойынша 
ұсыныстар дайындау.
Зияткерлік мектептердің жинақталған тәжірибесі еліміздің психологтеріне біліктілікті 
арттыру курстары, семинарлар және басқа да жұмыс түрлері арқылы таратылуда. 
Сонымен, қай елдің тәжірибесін қарастырсақ та, мектептегі психологиялық қызметтің 
маңыздылығын, осы салада жұмыс істейтін психологтерге қойылатын жоғары талаптарды, 
бұл қызметтің әмбебаптығын және психологтерден талап етілетін үлкен жауапкершілікті 
көре аламыз.. 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет