7
таңдаған мамандану саласында тәжірибеден өтуі керек.
АҚШ мен Еуропа елдерінің тәжірибесіне жасалған шолудан кәсіби психологиялық
қауымдастығы болмаған бірде-бір ел жоқ екендігін байқауға болады (психологиялық
қауымдастықтар, білім беру ұйымдары психологтерінің одақтары және т.б.), бірақ оларға
мүшелікке тіркелу міндетті емес. Психологиялық қауымдастықтар әріптестер арасында
тәжірибе алмасуға ықпал етеді, нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлейді, клиенттердің
және білім беру саласындағы психологтердің мүдделерін қорғайды, практик мамандар
қызметінің жоғары кәсіби стандартына қолдау көрсетеді. Мысалы, Қазақстанда мұндай
қоғамдастық ретінде Қазақстан Республикасының Психологтер қауымдастығын,
Ұлыбританияда – Британ Психологиялық қоғамдастығын, Ресейде – Ресей Психологиялық
қоғамдастығын, АҚШ-та – Америка Психологиялық қауымдастығын және т.б. атауға
болады.
Психологтердің ең ірі халықаралық ұйымы — Психология ғылымының халықаралық
одағы – The International Union of Psychological Science 1951 жылы құрылған және қазіргі
уақытта 54 елдің психологтерін (ұлттық психологиялық қауымдастықтарды) біріктіреді.
Мектептер мен басқа да білім беру мекемелері психологтерінің кәсіби өзара іс-қимылын
дамыту мақсатында өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында Халықаралық мектеп
психологтерінің комитеті құрылды (ISPC).
ISPC өз жұмысын дүниежүзілік мақсатты қамтитын төрт негізгі мақсаттан бастады:
білім беру мекемелерінде психологтердің өзара қарым-қатынас жасауына ықпал ету, мектеп
психологиясына перспективалы практикаларды енгізуді ынталандыру, білім беру тиімділігін
арттыру және психологияның білім беруге үлес қосуына барынша қолдау көрсету. Комитет
1982 жылы Мектеп психологиясының халықаралық қауымдастығы болып (ISPA) ресми
түрде өзгертілді, оның құрамына 300 мүше кіреді.
Шетелдік психологиялық қызметті ұйымдастыруға қысқаша шолудан көптеген елдерде
психологиялық қызметтің жұмысы заңнамамен және кәсіби психологтердің кәсіби
қауымдастықтары әзірлеген әртүрлі нормативтік-құқықтық құжаттармен қатаң реттелетінін
көруге болады.
Сонымен қатар психологиялық қызмет мамандарының практикалық қызметі мен
біліміне қатысты ұлттық стандарттар жиынтығы әзірленген.
Білім беру ұйымдары психологтерінің қызметін тиімді реттейтін этикалық стандарттар,
мысалы, тәртіп кодекстері, клиенттермен жұмыс істеудің нақты этикалық принциптері және
т.б. құжаттар бар.
Психологтерді кәсіби даярлау процесі әдетте бірнеше жыл кәсіби білім алуды талап
етеді және міндетті түрде таңдаған мамандану саласындағы практикамен ұштасады (әдетте
супервизиямен); оқытудың әрбір кезеңі белгілі бір біліктілік (дәреже) берумен аяқталады
және дипломмен, сертификатпен немесе өзге құжаттармен расталады. Кейбір елдерде
(мысалы, Ұлыбританияда) практикалық психологиялық қызмет жүргізу үшін нақты маман
бірыңғай тізімде тіркелуі керек. Мемлекеттік басқару органдары (әдетте Білім министрлігі
немесе т.б. құзыретті ұйымдар) көптеген кәсіби қауымдастықтар мен психологиялық қызмет
мамандарының жұмысын қатаң бақылауда ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: