Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


АҚШ психологиялық қызметінің тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет6/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Есеп айырысу шоты первички
АҚШ психологиялық қызметінің тәжірибесі
АҚШ психологиялық қызметінің тәжірибесі ХХ ғасырдың басынан бастап дами 
бастаған және қазіргі уақытта заманауи психологияның ең өміршең және тиімді 
бағыттарының бірі болып табылады. 
Америка Құрама Штаттарында балалар муниципалдық мектептің психологиялық 
қызметіне, муниципалдық психикалық денсаулық орталығына және психологиялық кеңес 
берумен және психотерапиялық емдеумен айналысатын жекеменшік психолог-терапевтің 
психологиялық кеңесіне жүгіне алады.
АҚШ-тың барлық 50 штатында жұмыс істейтін шамамен 30 мыңнан астам мектеп 
психологтері бар. Мектепте жұмыс істеу үшін лицензия талап етіледі. Лицензия алу үшін әр 
штатта әртүрлі талаптар қойылады, ең басты талап психологтің білімі мен жақсы тәжірибесі 
болып есептеледі. Лицензияны әр штаттың білім беру ұйымдары береді.
Барлық штаттарда мектептегі психологиялық қызметті қолдаудың ұлттық 
инфрақұрылымы жақсы дамыған. Психологтердің мүдделерін Америка Психологиялық 
қауымдастығы (бұдан әрі – АРА) қорғайды.
Америка Психологиялық қауымдастығында мектеп психологтерінің қауымы жеке 
секция ретінде ұсынылады. Олардың Мектеп психологтерінің ұлттық қауымдастығы (бұдан 
әрі – NASP) деп аталатын кәсіби ұйымы бар. Бұл ұйымға мектепке дейінгі білім беруден 
бастап жоғары мектепке дейін жұмыс істейтін білім беру саласының 24 000 психолог-
маманы кіреді. Сонымен қатар мектеп психологтерімен жұмыс істейтін басқа да ұлттық 
ұйымдар құрылған.
Мектеп психологтерінің кәсіби қауымдастығының құндылықтары, қағидаттары және 
мінез-құлық нормалары бар. Жұмыс берушілермен, клиенттермен, педагогтермен, құқықтық 
органдармен және жалпы қоғаммен (Oakland, 1986) қарым-қатынас Америка Психологиялық 
қауымдастығы әзірлеген нормативтік құжаттардың көмегімен реттеледі. Атап айтқанда, 
бұларға «Адамдарға зерттеу жүргізу кезіндегі этикалық принциптер» (1973), «Оқыту және 
психологиялық тестілеу стандарттары» (1985), «Психологтерді жұмысқа қабылдау 
шарттары» (1972) жатады. Мектеп психологиясы секциясы «Мектеп психологтерінің жұмыс 
жағдайын басқару бойынша нұсқаулықты», «Мектептің психологиялық қызметін қолдаудың 
мемлекеттік құқықтық нормаларын» және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды 
әзірлеген. Америка Психологиялық қауымдастығы қабылдаған стандарттар кешені мектеп 
психологтерінің кәсіби, ғылыми, білім беру және этикалық аспектілерін қадағалауды 
қамтамасыз етеді («Мектеп психологиясындағы кәсібилік деңгейін растауға арналған 
стандарттар», «Кәсіби этика принциптері» және т.б.). 
Мектептегі психологиялық қызмет



Мектеп психологиясының дамуына және құрылымына ХХ ғасырдың екінші жартысында 
қабылданған заңнамалық саладағы өзгерістер үлкен әсер етті. Білім беру туралы заңға жаңа 
ережелер енгізу және мақсатты қаржыландырудың көмегімен АҚШ психологтері үшін 
қазіргі уақытта жұмыс істеудің жаңаша жағдайлары құрылды. Жаңа заңнамада көрсетілген 
психологтерге берілетін артықшылықтар олардың жұмысына қойылатын талаптарды 
күшейтті. Атап айтқанда, психолог қызметінің дәстүрлі әдістеріне балалармен жұмыс 
жүргізудің жаңа үлгілері енгізілді. Психологтер жұмысының осы жаңа бағыттарының 
арасында балалармен жұмыс істеу процесіне емес, нәтижеге бағытталған дамыту 
бағдарламалары негізгі орын алады. Бұл өзгерістер психологтің мәртебесін өзгертуге алып 
келді. 
АҚШ мектептеріндегі психологиялық қызмет көбінесе 6 бағыт бойынша жұмыс істейді:
1) 
Арнайы назар аударуды қажет ететін оқушыларды жеке тестілеу. Эмоционалдық, 
әлеуметтік, лингвистикалық және танымдық даму деңгейлері бағаланады. Құрал ретінде 
білім беру және психологиялық тестілеу қолданылады. 
2) 
Тікелей араласу: эмоционалдық, әлеуметтік және танымдық дамытуға тікелей ықпал 
ету. Психологиялық қызмет және қолдау көрсету барысында оқыту, тренинг, каунселинг 
және терапияның көптеген түрлері қолданылады.
3) 
Жанама араласу: мұғалімдермен, педагогика саласындағы басқа да мамандармен, ата-
аналармен жұмыс. Әдетте жанама араласуға тестілеу, топтық оқытуға қатысу, каунселинг, 
кеңес беру және ынтымақтастық кіреді.
4) 
Зерттеушілік және ғылыми қызмет.
5) 
Супервизия және әкімшілік жұмыс: мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс 
жоспарын құру және әзірлеу, жұмысқа қабылдау және супервизия, мектеп психологтерінің 
біліктілігін арттыру, басқа да әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарымен бірлесе 
жұмыс жүргізу.
6) 
Мінез-құлық ауытқуларының түрлі жағымсыз салдарларының алдын алу және азайту. 
Негізінен бұл бағдарламалар девиантты мінез-құлықты жеткіншектерге арналған (есірткіге 
және алкогольге (ішімдік) тәуелділік, суицид, мектепті тастап кету, мектептегі зорлық-
зомбылық, әлімжеттік, ерте жүктілік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет