Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Коучинг жағдайында қолданылатын негізгі принциптер



Pdf көрінісі
бет66/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Коучинг жағдайында қолданылатын негізгі принциптер. 
Коучинг Сократ 
диалогтарынан бастау алған десек те болады. Себебі, Платон Сократтан кейін мынадай 
сұрақтарға жауап беруге тырысты: Қайырымдылық деген не? Оны үйретуге бола ма? 
Танымның қандай жолы шынайы ізгілікке әкеледі? Танымның қандай жолы шынайы 
игілікке алып келеді? Оның ойынша адам игілігі үшін жасалатын кез келген іс игі болуы 
үшін ақылмен бірге қатар жүруі тиіс, сонда ғана игілікті адам оны жалған немесе шынайы 
деп ажырата алады. Айырмашылық тек білім негізінде ғана болуы мүмкін. Тек білім ғана 
адамдарға шынайы құндылықтарды меңгеруге, саналы таңдау жасауға, дана, кемелденген 
адамға айналуға мүмкіндік береді. Осылайша, барлық маңызды мейірімділіктің мәні білім де 
болады. Бұл білім дәстүрлі догматикалық оқыту процесінен пайда болуы мүмкін емес.
 
Ол 
адамның өз ішінде шындықты ашатын өзін-өзі танудың нәтижесі ғана болуы мүмкін. Адам 
өз-өзінен, өз жанынан қиын және азапты жолмен шынайы білімді тудырады, ол дұрыс 
өмірлік таңдау жасауға мүмкіндік береді. Яғни, мейірбандыққа өзін-өзі тани отырып 
үйренуге болады. Бұл тұрғыда мұғалім адамға енжар қабылдаушы емес, танымдық 
проблемалық жағдаятты өз бетінше шеше алатын білім алушының белсенді қатысуын 
көздейтін белсенді ізденуші ретінде бағдар жасағанда ғана көмектесе алады. Платон 
бойынша мұндай мұғалімнің үлгісі адамдарға түсінуге көмектесе аламын, бірақ оларды 
түсінуге мәжбүрлей алмаймын деген ұстанымдағы Сократ болып табылады. Қазіргі уақытта 
бұл тәсілдеме коучингте қолданылады. Халықаралық коучтар федерациясының экс-
президенті және сертификатталған коуч М.Рейнолдстың пікірі бойынша, коучинг дегеніміз, 
бұл бірінші кезекте – сұрақ қоя білу, адамды қалыптасқан жағдайларды шешу үшін қажетті 
стратегиялар мен тактиканы табуға көмектесу үшін ойлауға мәжбүр ететін техниканы 


53 
пайдалана білу. 
Сократтық диалогтардан басқа, коучингтің негізін қалаушылар: ең озық спорт 
жаттықтырушыларының әдістемесі, психотерапиядағы гуманистік көзқарас, эмоциялық зият 
саласын зерттеуші психологтердің (Д.Гоулмен және т.б.) жұмыстары табылады деп 
саналады. 
Гуманистік тәсілдеме жалпы бизнес-білім берудің негізгі қағидаты болып табылады. 
Білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасы (Р.Бернс, А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және 
т.б.) білім беру мақсатын тұлғаның өзін-өзі тануы және өзін-өзі белсендіруі ретінде 
түсіндіреді. Коучинг барысында коучтың міндеті – адамға өзінің барлық мүмкіндіктері мен 
қабілеттерін іске қосуға көмектесу, оны қабылдаудың айқындылығын арттыру, үйреншікті 
нанымдар мен стереотиптер шеңберінен шығу, түйсікті дамыту, яғни соңында адамға өзін-өзі 
дамыту технологияларын үйрету. Коучингтік қарым-қатынастағы адамға қолдау көрсету 
және сүйемелдеу, адамға өз бетінше шешім қабылдауды үйренуге көмектеседі. 
А.Маслоу өмірді бір-бірінен кейін іске асыруға тиісті шексіз таңдау тізбегі ретінде 
қарастырды. Әр жағдайда бұл алға немесе кері қозғалыс арасындағы таңдау болады. Сенімді, 
қорғалған, толық қауіпсіздік бағытына жол таңдауға болады. Бұл саяхаттағы тарту күші 
қорқыныш сезімі. Тұлғаның өсуі мен дамуына ұмтылуға да болады. «Егер бүгін сіз өзіңіздің 
барлық таңдауларыңызды дамудың пайдасына жасайтын болсаңыз, бұл бүгінгі таңда сіз өз-
өзіңізді белсендіру тарапынан бірнеше қадам жасадыңыз деген сөз». «Өз іс-әрекеттеріңіз 
және өз таңдауыңыз үшін өз-өзіңізден шынайы жауап сұрауға тырысыңыз, сонда сіз 
міндетті түрде өз алдыңызда жауапкершілікті сезінесіз. Ал бұл өздігінен алғанда – өз-өзін 
белсендендіру жолындағы үлкен қадам. Жауапкершілік мәселесі әлі де болса аз зерттелген. 
Біздің оқулықтарда жауапкершілікті зерттеу нәтижелері туралы ештеңе айтылмаған.... Адам 
жауапкершілік қабылдаған сайын өзін-өзі белсендіреді» (Маслоу А.). Коучинг жағдайында 
клиент болып жатқан оқиғаларды бақылайды, шешім нұсқаларын қарайды, таңдау жасайды 
және коучпен қол жеткізілген нәтижелерді талқылай отырып, оларды өз бетінше жүзеге 
асырады. Осылайша, жауапкершілік таңдауды талап етеді. Таңдау еркіндікті білдіреді. 
Коучинг жүргізуде екі принцип үйлесімді бірігеді: саналылық принципі және 
жауапкершілік принципі. «Коучингтің түйінді элементі зейіннің шоғырлануының, 
нақтылығының нәтижесі ретінде саналылық болып табылады. Саналылық – бұл іске қатысты 
фактілер мен ақпаратты олардың маңыздылығын анықтай отырып іріктеу және қабылдау 
қабілеті... Саналылық – бұл айналамызда болып жатқан нәрселерді білу. Өзіндік сана – бұл 
өз сезімдерімізді білу» (Уитмор Дж., 2005, с.37-39). Адам осы принциптерге сәйкес әрекет 
еткен жағдайда еркін болады. Еркіндік адам өзінің ниеті мен ұмтылысын толық түсінген 
кезде ғана пайда болады; таңдаған мақсатын іске асыру жолында өзінің қай жерде тұрғанын 
анық білсе; осы мақсатқа қол жеткізудің ықтимал жолдарын белгілеп, белгіленген 
жолдардың барлық алуан түрлілігінің ішінен өзінің жалғыз жолын таңдап, нақты нәтижеге 
қол жеткізу үшін өзі әзірлеген жоспарға сәйкес әрекет ете бастаса, онда ол еркіндікке ие 
болады. Коучингтің негізгі постулаты - әрбір адам (команда) мақсатқа жетудің өзі үшін 
оңтайлы жолдарын табуға және қозғалыстың оңтайлы қарқынын таңдауға қабілетті 
болуымен негізделеді. Сондай-ақ коучинг эмоционалдық ақыл-ойдың жоғарылауына ықпал 
етеді, яғни эмоцияларымызды конструктивті түрде түсіну және пайдалану қабілетін 
жақсартады. 
Коучинг философиясы бір кездері У.Голвидің ізбасары және оқушысы болған Д.Уитмор 
тұжырымдаған принциптерге негізделеді: 
1. Коучке көмек сұрап келген адамның дені сау және оның жағдайы қалыпты. 
2. Әрбір адам әр уақытта өзі қабілетті нәрсенің барлығын жасайды. Бұл ретте ол өзіне 
белгілі тапсырмаларды шешу нұсқаларын, мінез-құлық нұсқаларын, өткен тәжірибесін 
басшылыққа алады. Коучтың міндеті – клиентке үйреншікті нанымдар мен оны тежейтін
стереотиптерден арылуға көмектесу. 
3. Әр адамның әлеуетінің шегі жоқ. Коучтан талап етілетін жалғыз нәрсе – клиентке 
әлеуетін ашуға көмектесу.


54 
4. Клиент өзі туралы, өзінің проблемалары мен ағымдағы жағдайы туралы коучқа
немесе кеңесшіге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Бірде-бір кеңесші ағымдағы міндетті шешу 
үшін клиенттің өзі сияқты барынша тиімді жасай алатындай кеңеспен көмектесе алмайды. 
Сондықтан коуч кеңес бермейді және дайын шешімдерді ұсынбайды! Бұл коучинг 
философиясының басты ұстанымы. Бұл жерде коучтың міндеті – клиентке өзінің саналы 
және бейсаналы барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске қосуға көмектесу, клиентке 
қабылдаудың айқындығын арттыруға көмектесу, саналылықты дамыту. 
Клиент тұлғасын толық қабылдау, оның әлеуетті мүмкіндіктерінің сарқылмауын, 
шығармашылыққа және өзгертуге қабілеттілігін мойындау ұстанымына сүйене отырып, коуч 
клиент алған тәжірибенің барлық жетістіктері мен жаңалығын атап өтеді. Бұл екі жаққа да – 
коучке де, клиентке де – тұлғалардың бұрын талап етілмеген өзінің тұлғалық қасиеттерін 
дамытуға көмектесетін әлеуметтік қарым-қатынастардың мүлдем жаңа түрі. «Коучинг – бұл 
қарым-қатынас пен қолдау өзара қисындастыру, сондықтанда коучингтің парадигмаларын
адам үшін күрделі проблемалардың шешімін ұтымды және оңтайлы жолдарын табудың 
тиімді және жаңа құралы ретінде пайдалана алатындай және өзара қарым-қатынас жасаудың 
барлық деңгейінде жүзеге асыру мүмкіндігі болатындай етіп өз мәдениетімізде берік 
қалыптастыруымыз қажет » (Зиневич О.В., Петрова Э.Д., 2012) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет