Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет63/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
Директива
– 
бұл клиентті зерттеу немесе өзіндік сезімдерін, білімдерін немесе мінез-
құлықтарын өзгерту процесіне тарту тәсілі, бұндай сессия барысында белгілі бір әрекеттерді 
жасауға немесе олардың арасында белгілі бір тапсырмаларды орындауға ұсыныс беріледі. 
 
 
 


51 
БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР КОУЧИНГІ 
 
«Коучинг» ұғымының анықтамасы
.
Ғылыми психология тұрғысынан коучингті зерттеу мәселесін қарастыра отырып, біз бір 
жағынан, «коучинг» терминін анықтау қажеттілігі туындаса екінші жағынан бұл ғылымның 
көпмағыналылығы проблемасының бар екендігін көруге болады. Ғылыми әдебиетте коучинг 
ұғымы әртүрлі теориялық-әдіснамалық және пәнаралық тәсілдердің синтезі негізінде 
қалыптасқанын атап өткен жөн. Бұл өз кезегінде әмбебап қысқаша тұжырымды анықтамасын 
іздеудегі проблемаларды көрсетті: бұл термин менеджмент, философия, әлеуметтану, 
педагогика, психология бойынша жарияланымдарда кездеседі – және осы салалардың 
әрқайсында оның өзіндік түсіндірмесі бар.
Жалпы «коучинг» - бұл ағылшын тіліндегі «coaching» сөзінің транслитерациясы, оның 
аудармасы: бағыттау, дайындау, жаттықтыру. Ағылшын нұсқасында «coaching» сөзімен «co-
achievin
g» сөзін қатар қоюға болады, ол, бірқатар авторлардың пікірі бойынша, коучинг 
процесін бірлескен жетістік ретінде түсінуге болады. Кең мағынада коучинг - бұл 
адамдардың қызметінің тиімділігін арттыру, олардың әлеуетін барынша ашу және тиімді іске 
асыру мақсатында олардың дамуына ықпал ететін қағидаттар мен тәсілдер жүйесі. 
Бірнеше классикалық анықтамалар келтірейік: 

Тимоти Голви (Timothy Gallwey) бойынша коучинг - бұл адамның тиімділігін 
барынша арттыру мақсатында оның әлеуетін ашу

Джон Уитмор (John Whitmore) бойынша коучинг – бұл психологиялық қолдау әдісі, 
онда ең бастысы – саналылық және жауапкершілікті дамыту; 

Томас Дж. Леонард (Thomas J. Leonard) бойынша коучинг - бұл интегративті табыс 
технологиясы; 

Майлз Дауни (Myles Downey) бойынша коучинг - бұл басқа адамның нәтижелілігін 
арттыруға, оқуына және дамуына ықпал ету өнері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет