Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет62/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Парадоксальды реакция
– 
бұл ерекше перспектива құрудың, балама шешім табудың 
бір тәсілі, кейде клиент үшін ұтымды және шынайы шешімге тура қарама қайшы келетін 
шешімдер көрсету, нұсқау арқылы жағдайды қабылдату немесе оған жауап қайтарғызуға 
бағыттау тәсілі болып табылады. Парадокс және әзіл – психотерапияда жиі қолданылатын 
құралдардың бірі. 
Кері байланыс
– 
бұл клиенттің өзін басқалардың қалай қабылдайтынын, оның 
бойындағы мінез-құлық ерекшелігіне қалай жауап қататындығын білуге көмектесетін, мінез-
құлқының сипаттамасы болып табылады. Бұл сондай-ақ клиентке өз мінез-құлқын түзету 
туралы ойлануға көмектеседі. 
Кері байланыс сипаттау түрінде және бағалаусыз өтетін процесс. Клиенттің мінез-
құлқын сипаттау оған қалай жауап беру керектігін таңдау еркіндігін береді. Бағалаудан бас 
тарта отырып, біз клиенттің қорғануға деген қажеттілігін төмендетеміз. 
Клиенттің мінез-құлқының қандай да бір аспектілері туралы нақты және шынайы 
ақпаратты ұсыну оларды зерттеуге жетелейді. 
Кері байланыс клиент қандай да бір нәрсені жасай алатын мінез-құлық аспектісіне 
бағытталған. Клиенттің өзі байқамаған кемшіліктерін, осал тұстарын ашық көрсету, яғни 
оның бақылау нысанынан тыс тұрған кемшіліктерді көрсету оны әрі қарай алдаусыратады. 


50 
Кері байланыс уақытылы жүргізілуі тиіс. Клиентке оның белгілі бір жағдайға 
туындаған реакциясынан кейінгі көрініс тапқан ерекшеліктеріне сол мезетте уақытылы кері 
байланыс беру пайдалы болып табылады. 
Өзін-өзі ашу 

бұл клиентпен өз тәжірибесін бөлісу, өзі туралы, өз өмірінен болған 
оқиғалар туралы ақпарат беру немесе клиентпен қарым-қатынаста бастан кешіретін сезімдер 
немесе тілектер, туындайтын идеялар немесе қиялдарды тікелей көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет