29
жасқа толуына байланысты мектеп директоры онымен еңбек шартын тоқтатуды
талап етеді.
Мектеп директорының талабы заңды ма?
Қызметкерге сол қызметте әрі қарай істей беруге бола ма, жоқ әлде
зейнеткер ұстаздардың сол еңбек ұжымында жұмыс істеуін шектейтін
қандай да бір заң нормасы бар ма?
Есеп 3
Экономист Сагидуллинды жұмысқа алу барысында жұмыс беруші одан
келесі құжаттарды сұрайды: тӛлқұжат,
тиісті білімін растайтын құжат, үй
кітапшасын, бұрыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулығы туралы құжат.
Жұмыс берушінің айтылған құжаттарды талап етуі заңды ма және
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын жасасқан
кезде қандай құжаттар талап етілуі тиіс?
Есеп 4
Тӛлеби атындағы мектеп интернатының тәрбиешісі Омарова, интернатқа
келіп түскен балаларға арналған тӛсек бұйымдары
мен басқа да керек-жарақ
заттарды қабылдайды. Олардың бір бӛлігін үйіне
жеке пайдалануына алып
кетіп, сол әрекеті үшін жұмыстан шығарылады.
Сот отырысында талапкер Омарова, «ол тӛсек бұйымдарын ұрлау туралы
еш ой болған жоқ, тек оны пайдаланып, белгілі бір уақыттан кейін ол заттарды
орнына қоямын деп ойладым» деп жауап береді.
Жұмыс берішінің оны жұмыстан шығаруы заңды ма?
Есептің жауабын Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің
нормаларына негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: