§ 58. әлеуметтік инфрақұрылым негізгі ұғымдар: «әлеуметтік инфрақұрылым», «қызмет», «әлеуметтік
инфрақұрылым салалары/элементтері», «рекреация», «рекреациялық
ресурстар».
Инфрақұрылым кешенінің екіге бөлінетінін
сендер білесіңдер: коммуникациялық жүйе
(көлік және байланыс) және әлеуметтік ин-
фрақұрылым.
Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету. Инфрақұрылым кешені әртүрлі қызмет түрлерін
ұсынатын шаруашылық салаларын біріктіреді.
Әртүрлі мамандығы бар
адамдар немен айна
-
лысады:
аспаз,
құрылысшы,
мұғалім, өрт сөндіруші, жүргі
-
зуші, сатушы, дәрігер, экскур
-
совод? Бұл мамандықтарды не
ортақтастырады?
Осылардың
қайсысын өзіңе таңдар едің?
170 Қызмет дегеніміз – зат ретінде емес, істің сапасына қарай қабылданатын
ерекше өнімнің түрі. Бұл күрделі кешеннің құрамында 30 сала бар.