Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


Рекреация – Тұрғын үйіңнен басқа жерде, денсаулықты немесе



Pdf көрінісі
бет196/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

171
Рекреация – Тұрғын үйіңнен басқа жерде, денсаулықты немесе 
жұмыс істеу қабілетін, табиғат аясында немесе туристік серуен
-
деу кезінде демалу арқылы қалпына келтіру. Рекреация – «демалыс» 
сөзінің синонимі.
Рекреацияға қажетті жағдай: жеткілікті қаржы, рекреациялық ре-
сурс түрлері, рекреациялық шаруашылық (қонақ үйлер, демалыс үйлері, 
турбаза, санатория).
Рекреациялық ресурс дегеніміз –адамдардың денсаулығын қал
-
пына келтіруіне, демалыстың жақсы өтуіне себепші болатын ресурс 
түрлері.
Рекреациялық ресурстың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық (суқой-
малары, ормандар, таулар) және мәдени-тарихи (ежелгі қалашықтар, 
кесенелер, қорғандар, мешіттер, қабырға суреттері және т.б.)
Рекреациялық ресурстың құрамына қарай, аумақтар белгілі бір ре-
креацияның түріне маманданады. Мамандану түрлеріне қарай-аумақтар 
рекреациялық аудандарға жіктеледі. Ұлы дала елі – рекреациялық ре-
сурстарға бай мемлекеттердің бірі. Ресурстарымыз жан-жақты толық 
игерілмесе де, жылдан-жылға қарқынды алға жылжуда.
Еліміздің шығысында Алтайдың биік шыңы Мұзтау, Марқакөл, Көк-
көл, және Алакөл орналасқан. Өлкенің мәдени орталығы Семей қаласы. 
Туристік нысандарына, өлкетану мұражайы, Абай мұражайы және ТМД 
елдері арасында алғашқы салынған аспалы көпір (Дүниежүзіндегі 17 
көпірдің бірі).
Оңтүстіктің әйгілі рекреациялық байлығы – Хантәңірі шыңы, Ша-
рын каньоны, «Әнші құм», биік таулы Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ 
таушаңғысы курорты және т.б. Дүниежүзіне танымал «Алтын адам», 
ЮНЕСКО тізіміне енген Тамғалы жартас суреттері. «Ежелгі Тараздың 
ескерткіштері» деп аталатын мұражай-қорықта осы аймақта.
Қазақстанның орталығында Қарасор және Балқаш көлдері, ұлттық 
саябақ болып есептелінетін таулы-орманды Қарқаралы тауы орналасқан.
Еліміздің солтүстігінде – Көкшетау ұлттық саябағының, ең алғашқы 
ашылған Баянауыл ұлттық саябағының (1985 ж.) және алғашқы курорт 
Бурабайдың отаны. Бурабай туристік аймағы – осы күнгі еліміздің басты 
емдік туризмінің ауданы болып есептелінеді. Балшықпен емдейтін Мо-
йылды санаториі де осы ауданда орналасқан.
Батыс аймақтарда – табиғи және тарихи рекреациялық нысандар 
жеткілікті. Ақтөбе облысындағы метеорит кратері, Қарақия ойысы, Ка-
спий теңізі жағалауындағы жағажайлар мен емдік-сауықтыру орындары. 
Бекет-Ата, Шақпақ-Ата діни туристік орындар. Үстірт қорығындағы 
Бозжыра шатқалы, жерасты үңгірлері мен көлдер. Жоғарыда аталып 


172
отырған рекреациялық ресурстар, ел байлығының кішкене ғана бөлігі. 
Қазақстандықтармен бірге шетелдік туристерді қабылдап, тартымдылығы-
мен таңқалдыруда.
Әлеуметтік инфрақұрылым – ең ірі және көп жұмысты қажет ететін 
кешенді сала. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және басқа да эконо-
миканың салаларының қалыпты және сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз 
етеді. Тұрғындардың сапалы тіршілігін де қамтиды. Инфрақұрылымдық 
кешеннің жұмысы, ел экономикасының, халықтың әл-ауқатының дамуы-
на және болашағына әсер етеді. Бұл кешеннің географиясына - тұрғын-
дардың орналасу және тұтыну факторлары әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет