Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 61–62. дүниежүзі елдері. дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы



Pdf көрінісі
бет204/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 61–62. дүниежүзі елдері. дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы
негізгі ұғымдар:
«географиялық жағдай», «математикалық география-
лық жағдай», «физикалық географиялық жағдай». 
Еске түсіріңдер, біздің ел қай материкте және оның қай бөлігінде 
орналасқан? Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін алды? Дүниежүзі бойынша 
жер көлемі нешінші орында?
1. дүниежүзінің қазіргі саяси картасында
230 ел белгіленген, оның 
190 – егеменді мемлекеттер. Олардың арасында аумағы мен халқының 
саны жағынан үлкен мемлекеттер де (Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ), 
кішкентай, яғни «микромемлекеттер» де бар (мысалға: Монако, Андорра, 
Лихтенштейн, Ватикан, Сан-Марино). 
Табиғи ресурстарға бай (Ресей, АҚШ, Қытай, Қазақстан) және кедей 
(Жапония, Балтық теңізі жағалауы) мемлекеттер бар. Дүниежүзі карта-
сында бір ұлтты (Жапония, Швеция) және көпұлтты (Ресей, Үндістан, 
АҚШ, Қазақстан) елдер бар. 
Географиялық жағдайы бойынша елдер екіге бөлінеді: теңізге шыға 
алатын, яғни теңіз шекаралары бар (Ресей, Канада, Қытай) және теңізге 
шыға алмайтын (ішкі континентті) (Бутан, Чад, Мали, Непал). Кейбір 
мемлекеттер толық бір континентті алып жатыр (мысалға, Аустралия), 
ал кейбіреулері кішкентай аралдарда немесе аралдар тобында орналасқан 
(Науру, Мальта, Кабо-Верде). 
Әдетте, мемлекеттің географиялық жағдайы оның әлеуметтік-эконо-
микалық дамуына қатты ықпалын тигізеді. Еуропадан тыс орналасқан 
көптеген континент ішілік елдердің экономикасы салыстырмалы түрде 
нашар дамыған, себебі, теңізге шыға алатын жолдардың болмауы олардың 
сыртқы экономикасының дамуын қиындатады. 
Жер бетіндегі географиялық нысанның координат жүйесі және оның 
сыртында орналасқан болмыстардың осы нысанға қатысты тікелей немесе 
жанама әсер етуі – 
географиялық жағдай
деп аталады.
«Географиялық жағдай» ұғымы бүкіл география ғылымдары жүйесін-
дегі негізгі ұғым болып табылады. 
Жер бетіндегі географиялық координат жүйесімен (яғни, ендік пен 
бойлық) нысанның нақты мекенжайын анықтайтын жағдай – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет