Сабақтың тақырыбы: жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар



Дата05.06.2017
өлшемі0,49 Mb.
#17575
түріСабақ
Сабақ жоспары

Күні: _____________ Пәні: География Сыныбы: 7 Сабақ реті: 8

Сабақтың тақырыбы: §8. Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және

климат қалыптастырушы факторлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру. Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу

Дамыту: Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, проблемалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта, оқулық, глобус, жер құрылысының плакаты
Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сынып тазалығы

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұрау, кескін картаны тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі топырақтың, өсімдіктердің, табиғат кешендерінің тарлуына және адамның шаруашылық әрекетіне де әсер етеді.

Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлдем мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі таралуы жоғары және төмен қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі. Мысалы, экватор маңындағы төмен қысымды белдеулерде қалыптасатын жылы ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде жоғары көтерілген сайын салқындап, су буына қанығады. Сондықтан экватор аймағында күнделікті бұлттар тізіліп, нөсер жаңбырлар жауады.

Экваторда ғана емес, барлық төмен қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.

Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді: күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.


Климаттық белдеу. Жер шарының климаты әр түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді. Экватор аймағында экватолық климаттық белдеу орналасқан.


Арктикалық климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста – 400 С, - 500 С-қа дейінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді. Сондықтан құрлық пен мұхит беті аздап қана жылынады, температура 00С, +40С-қа дейін ғана көтеріледі.

Материкке қарай тұрақты соғатын суық солтүстік-шығыс желдері әсерінен жыл бойы тұманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын-шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай кли-маттың қатаңдығы арта түседі, мұндағы аралдар мұз құрсауында жатыр.


Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдардың оңтүстік оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеулерін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүсттікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түстіндіріледі. Материктің географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүсттікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстіктігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады. Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.


Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Климаттық арктикалыққа қарағанда салыстырмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.
Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеулер қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 00С-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынныңмөлшеріжылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән. Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән. Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады. Сондықтан температура -500С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады. Қар жамылғысы жұқа. Бұған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл компаненттік деп аталады. Қазақстан жеріне де осы аталған климат тән.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мұхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған құрлықтың ішкі бөлігінен соғатын суық, құрғақ ауа түрінде Тынық мұхитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мерзімінде тез қызып, қысымы төмендеген құрлыққа Тынық мұхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазғы муссонсоғады. Қыс суық әрі құрғақ, жаз қоңырсалқын, жаңбырлы болды.
Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де, климат әр түлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қыс батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады. Мұнда аптапты ыстық пен құрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қаттыжапырақты өсімдіктер кең тарлған. Бұл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән. құрлықтың ішкі бөліктерінде субтропиктік белдеудегі климаттық жағдайда қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жазда аңызақ, ыстық желдер, құмды дауылдар жиі болады, қыс біршама салқын.

Белдеудік орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.
Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.
Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды қамтиды. Гималай тау климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі. Жазда Үнді мұхитынан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда жауын-шашынныі жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, максимальдісі 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді.
Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтиды. Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +240С-тан төмен түспейді. Тұрақты түрде екі жарты шартың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі.

Климат қалыптастырушы факторлар. Жоғарыда аталған негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің орны мен шекаралары парал-лельдер бойына сәйкес келмейді, олар бірде солтүстікке, бірде оң-түстікке ауытқып отырады. Бұл климат құрушы факторлардың әсер ету дәрежесіне байланысты .

Аса маңызды климат қалыптастырушы факторларға географиялық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, ауа массалары, жер бедері, мұхиттар мен ондағы ағыстар, жердің төсеніш бетінің сипаты және т.б. жатады. Бұл факторлардың әсер ету заңдылықтарымен материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барысында тереңірек танысасыңдар.


ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Жер шарының климаты әр түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П.Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді. Экватор аймағында экватолық климаттық белдеу орналасқан.

V. Қорытындылау: Бүгінгі сабақта, жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулердің бөлінуі және климат қалыптастырушы факторлар жайлы таныстық, үйрендік, білдік.
VI. Оқушы білімін бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейлері бойынша

VII. Үй тапсырмасы: 1. §8 оқып, мазмұндау.

2. Кескін картаға климаттық белдеулерді түсіру.



Климаттық белдеулер картасы



Жауын-шашынның таралу картасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет