22
партасында отырып, зерттеп, оқып-үйрену мүмкін емес, сондықтан да
мүмкіндігінше,
өз көзіңмен көріп, сезінгенің дұрыс.
Географияны зерттеудегі ең бір маңызды әдістің бірі –
географиялық
аудандастыру
. Осы әдіс арқылы экономикалық-географиялық және фи-
зикалық-географиялық аудандарды бөле аламыз. Келесі маңызды әдіс-
тердің бірі –
географиялық моделдеу әдісі
. География кабинетінің маңызды
бөлшегі немесе географиялық моделдеудің бір
көрінісі глобусты бәріміз
білеміз. Моделдеу техникалық, математикалық және графикалық деп
үш топқа бөлінеді.
Географиялық болжау әдісі
– адамзаттың даму бары-
сындағы болатын өзгерістерді алдына ала болжай білу. Әдістің арқасын да
адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайтуға, қауіпті құбы лыс-
тардан
құтылуға, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Географиялық зерттеудің заманауи әдісі
ГАЖ – геоақпараттық жүйе.
Адамдардың картамен компьютерде отырып жұмыс істеуіне жағдай жа-
салған, бағдарлама жүйелері мен статистикалық материалдар енгізілген
сандық карталық кешен. Интернет желісінің арқасында спутник арқы-
лы түсірілген (GPS –деп аталады)материалдарды қолдануға мүмкіншілік
туды Олар ақпаратты қабылдайтын, координатын анықтайтын, жер бетін
бақылайтын навигациялық спутниктер
және әртүрлі аспаптар.
Достарыңызбен бөлісу: