Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет83/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

2.
Судың қасиеті
. Гидросферада тірі ағзалардың ертеден бері өмір сүріп 
келе жатқан ортасы. Ең бірінші тірі ағзалар суда пайда болған.
Судың қасиеті өте қызық – 0°С-тан 4°С-қа дейін қыздырғанда қысылып, 
ал одан әрі температураны көтерген сайын қайта ұлғайтатын қасиетке ие 
табиғаттағы жалғыз қарапайым зат. Жерде болып жатқан үрдістер үшін 
бұл өте маңызды.
0°С температурада су қатты күйге, яғни мұзға айналады. Мұздың 
құрылымы бос болып келеді, көп бөлігі 
ауадан құрылған. Сондықтан мұз судан 
жеңілірек, және мұздың тығыздығы су 
тығыздығынан аз.
Су жазда да, қыста да әрдайым буланып 
тұрады. Булану кезінде су буға айналады, 
яғни сұйық немесе қатты күйден газ тәрізді 
күйге өтеді. Қоршаған ортаның температу-
расына қарамастан, су буы жаңбыр тамшы-
ларын немесе қар ұшқындарын құрайды. 
Су – өте жақсы еріткіш. Суда газ тәрізді 
де, сұйық та, қатты күйдегі де заттар ериді. Алмасу заттары суда еріп, 
ағзадан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет