Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


Қар жамылғысы және қар көшкіндері



Pdf көрінісі
бет80/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

5.
Қар жамылғысы және қар көшкіндері.
Қазақстан аумағына жа-
уатын қардың тұрақты жату ұзақтығы әртүрлі. Солтүстіктегі орманды 
дала және дала зоналарында 135-167 күн аралығында. Қазақстанның 
батыс аймақтарында 73 күннен 140 күнге дейін (Ақтөбе), қиыр оңтүстік 
аудандарда 50-80 күн. Қыстың қаталдығына және ұзақтығына байланысты 
бұл көрсеткіштер өзгереді. Таулы аудандардағы қар жамылғысы беткей-
дің түзілу жағдайына, бедерінің ерекшелігіне, өсімдіктерінің сипатына, 
желдің жылдамдығына және ылғалдың келетін жағына байланысты. 
Қардың қалың түсетін жерлеріне Кенді Алтай жоталары жатады (кейбір 
шатқалдарында биіктігі 3-5 метрге дейін жетеді).
35-сурет
. Таудағы қар көшкіндері


71
Қазақстанның таулы аудандарында, әсіресе, Іле Алатауы, Оңтүстік 
және Кенді Алтай тауларында қауіпті қар көшкіндері жиі болып тұрады.
Қар көшкіні қауіпті табиғи құбылыс болғандықтан, ландшафтқа қат-
ты әсер етеді. Орман арасындағы ерекше ойыс соқпақтарды, беткейден 
көптеген тас араласқан жыныстарды етекке жинап тастайды.
Көшкіндер өзен арналарын бітеп, қысқы су тасқынының пайда бо-
луынан көлік және темір жол, егістік жерлер, елді мекендер су астында 
қалады.
Қазақстанның барлық облыстарында Қазгидрометтің қарөлшегіш
бөлімшелері жұмыс істейді. Бөлімшенің жұмысы қар жамылғысының 
қалыңдығын, таралуын, жату ерекшелігін және қардың қорын есептейді. 
Қар көшкіндері болатын жерлерді болжау арқылы, алдын ала ескертіп 
отырады. Қарөлшегіш бөлімшенің деректері шаруашылық салаларын 
тиімді жүргізуге, әсіресе ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, 
көлік, тау туризмі қызметтеріне өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет