ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАР
1.
«Оптикалық аспаптар» термині «оптикалық жүйелер» деп ата-
латын ауқымды ұғымның аясындағы құралдар мен құрылғылардың
тек біразын ғана сипаттайды. Кең мағыналы
оптикалық жүйе
ұғымы
биологиялық органдарды да (мысалы, көз жүйесін), ақ жарықты ғана
емес, көзге көрінбейтін басқа да электрмагниттік толқындарды (мы-
салы, радиотолқындарды), тіпті зарядталған бөлшектер ағындарын
да түрлендіре алатын күрделі қондырғыларды қамтиды. Сонымен,
оптикалық аспаптар
деп жарықтың шағылу, сыну т.б. заңдары негізін-
де жарық сәулелерін түрлендіріп, нәрселердің кескіндерін үлкейтіп не-
месе кішірейтіп көрсететін құрылғыларды айтады
.
Оптикалық аспаптар қатарын
лупадан
бастап одан да күрделі
фотоап-
парат, кинокамера, бейнекамера, микроскоп, телескоп, перископ, проек-
тор, кинопроектор, диапроектор, эпидиаскоп
тағы басқалар құрайды.
Олардың негізгі бөліктері әртүрлі линзалар мен айналар жүйесінен
тұрады. Оптикалық аспаптардың ең қарапайым үлгілері
лупа
мен
каме-
ра-обскура
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |