212
3. Камера-обскура
(лат. «camera obsc
ū
ra» – «қараңғы бөлме») – нәр-
сенің оптикалық кескінін алуға мүмкіндік беретін қарапайым құрал.
Ол бір қабырғасы тесік, ал оған қарсы қабырғасында экран орнатылған
жарық өткізбейтін жәшік болып табылады (сурет 7.33,
а
). Жарық шоғы
диаметрі 0,5–5 мм болатын тесіктен өтіп, экранда нәрсенің төңкерілген
кескінін береді (сурет 7.33,
ә
). Экранның орнына жарықсезгіш фотоқағаз
қойып, нәрселердің суреттерін алуға болады. Камера-обскурада алынған
кескін онша анық та, қанық та болмайды. Десек те, тесіктің диаметрін
белгілі бір шекке дейін кішірейтіп, айқынырақ кескін алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: