Жанаспалы линзалар мен көзілдіріктерді пайдалану
Ғылым тарихына «оптиканың атасы»деген атау мен енген
әрі математик, әрі механик, әрі физик, әрі астроном, әрі шипагер
арабтың әмбебап ғұламасы Ибн аль-Хайсам өзінің үлкен еңбегі
«Оптикалық трактатында» көздің оптикалық жүйесін ашып, жұмыс
істеу принципін ғылыми тұрғыда түсіндірген алғашқы ғалым бо-
латын. Оның атағы ортағасырлық Еуропаға «Альхазен» деген ла-
тынша атпен тарады. Ол практика мен теорияны ұштастыра білген
хас шебер еді. Ұқыпты жүргізген эксперименттік зерттеулерінің
нәтижелері математикалық-теориялық дәлелділігімен қисын та-
уып, замандастарын да, кейінгі ұрпақты да өз шығармаларына
тәнті етті. Неміс ғалымы
Генрих Вюстенфельд (1808–1899) араб
тіліндегі көптеген еңбектерді, солардың ішінде Альхазеннің де
еңбектерін басып шығарды.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217