83
бұлт түзеді. Оның салдарынан улы да қышқыл жаңбыр жауып, адамдар
мен жануарлар да, ауылшаруашылық дақылдары мен бау-бақшалар да,
дала өсімдіктері мен ормандар да үлкен зиян шегеді.
Орта есеппен әрбір 25 жыл сайын
ауаға адам айтса нанғысыз
345 · 10
9
(345 миллиард) тонна көмірқышқыл газы тарайды. Сөйтіп,
көмірқышқыл газының ауадағы концентрациясы жылдан-жылға мо-
лайып, ал оттек газының мөлшері керісінше азайып келеді. Көмірқышқыл
газының ауадағы концентрациясының молаюы «
жылыжай эффектін
»
туғызып, Жер бетінде қалыптасқан жылу балансының табиғи жүрісін
бұзып, температураның жасанды көтерілуіне әкелді. Оның кесірінен
көмірқышқыл
газын жұтып, оттек шығаратын планетамыздың жасыл
өкпесі ормандар өртеніп, тау жоталары мен Солтүстік Мұзды мұхиттағы
және Антарктикадағы алып мұз жоталары қарқынды ери бастады.
Сөйтіп, планетамыздың кей өңірлерінде құрғақшылық орын алып, ал
кей жерлерде алапат дауылдар соғып, құйынды жаңбырлар ойран сала
бастады. Оның үстіне көптеген аралдар мен құрлықтағы ойпаттарды то-
пан су басу қаупі күн тәртібіне енгізілді.
3.
Сонымен, жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффи-
циенттерінің төмендігі салдарынан адамзат
өрке ниетінің даму тарихы
барысында (негізінен соңғы екі ғасыр шамасында) бүкіл өндірілген
отынның 2/3 бөлігі босқа рәсуа болды. Планетамыздың ластануы, жылу
алмасудың табиғи балансының бұзылуы шекті жағдайға жетті. Оның үс-
тіне энергияны пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталған жағдайда жер
қойнауындағы газ бен мұнайдың қоры 30 жыл шамасында, ал көмірдің
қоры 150–200 жыл ішінде таусылып бітетіні белгілі болды.
4.
Жоғарыда сипатталған мәселелерді шешуде Қазақстан Астанасын-
да «Болашақ энергиясы» тақырыбына ұйымдастырылған халықаралық
ЕХРО–2017 көрмесі (сурет 3.5) дәуірлік тарихи маңызы бар оқиға болды.
ЕХРО–2017 көрмесі «Болашақтың энергиясын» жасақтаудың мына
негізгі
үш бағытына басымдық
беруді көздейді:
•
экологиялық таза
жаңартылатын энергия
көздерін (күн, жел)
пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру;
•
Жер-ананың өкпесі –
жасыл энергия
көздерін (ормандар мен
өсімдік түрлерін) қорғау және олардың энергетикалық әлеуетін
үнемдеп пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру;
•
жаңартылмайтын
қазба отын энергия
көздерін (көмір, мұнай,
газ, шымтезек, жанғыш тақтатас) үнемдеп пайдаланатын техника мен
технологияларға басымдық беру.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
84
ЕХРО–2017 көрмесі аясында көрсетілген
бірінші басымдық
мына
дерекке негізделеді: жел энергиясын қоспағанның өзінде жыл сайын
Жер шарының әрбір текше метріне 1,36 кВт/м
2
Күн энергиясы түседі.
Міне, осы әрбір текше метрге түсетін Күн энергиясының тек 0,2 Вт/м
2
бөлігін ғана игере алатын техникалар
мен технологияларды жа-
сай алсақ, онда адамзат қоғамы энергетика мәселесін де, экология
мәселесін де түбегейлі шешкен болар еді.
Екінші және үшінші басымдықтар
негізгі
зерттеу жұмыстарын
ауаны ластамайтын, пайдалы әрекет коэффи циенттері жоғары, әрі
энергияны үнемдеп пайдаланатын қозғалтқыштар мен қондырғылар
шығаруға бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: