Тақырып: геморрагиялық инсульт жоспар



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#95302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кыдыралы Жансая

ПАТАЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
Қан құйылған ми жарты шары біршама үлкейген. Аурудың шұғыл кезеңінде 
ми кесіндісі мен ми қыртысы астындағы түйіндерден ұйыған қан көрінеді. Ми 
ісінген, ондағы сұр және ақ зат арасы әрең ажыратылады, кейде тіпті 
байқалмайды. Бүйірлік қарыншалар кеңейген, ал үшінші қарынша бір жағына 
ауытқыған. 
Гистологиялық тексеріс көмегімен жаңадан қан құйылған ошақтарда 
өзгерген эритроциттерді, шіріген ми ткані мен тамыр жобаларын ұшыратуға 
болады. Ми тканіне жайылған қан ішке қарай периваскулярлық кеңістіктерге
кіреді де, оны қабат – қабатқа бөледі. Қан құйылған қуыс қопсыған ми тканімен 
қоршалған. Онда қан құйылғаннан 24 сағат өткенде жеке шарлар пайда болады. 
Қан құйылған ошақтарда екі және одан көп аптадан кейін сілтіленген 
эритроциттер байқалады. 


КЛИНИКАСЫ

Көбінесе күндіз көңіл – күйі тынышсызданады, қатты шаршағанда ешбір 
себепсіз сырқат кейде есінен танып қалады. Сырқат кома жағдайында болады
онымен тілдесу мүмкін емес. 

Сырқат құлаған жерінде қимылсыз жатады. Беті қызарған, қан қысымы 
көтерілген, тамырының соғуы баяу, тынысы тарылған. Науқаста зәр мен нәжіс 
өздігінен шығып кету жиі кездеседі. Дене қызуы аздап көтерілуі мүмкін.

Бас сүйек – ми нервтерін тексергенде көз қарашығының кеңуі мен екі 
қарашықтың біркелкі еместігі, оның жарыққа әсерінің азайғандығы, көз 
алмасының патологиялыө ошаққа қарай бұрылуы (көз қарасының салдануы) , 
өздігінен нистагм, бет бұлшықеттерінің парезі байқалады. 



Аяқ – қолы қимылдамайды. Көтерілген қолы қамшының өрімі 
тәрізденіп төмен түсіп кетеді. Инемен шанышқылағанда ешқандай 
реакция болмайды. Кейде салданбаған жағында қимыл болуы мүмкін. 
Салданған жағында бұлшықет тонусының төмендегені анығырақ 
білінеді. Аяқ ұшының өздігінен сыртқа қарай бұрылуы байқалады. 
Салданған жағында онша айқын емес немесе байқалмайтын, аяқ 
ұшында білінетін патологиялық рефлекстер көрігіс береді. 

Ауру кенеттен басына соққы тигендей болып басталады да, соңынан 
басы қатты ауырып, құсу және лоқсу пайда болады. Сырқат көбіне 
тынышсызданып, бір орында отырмауға, бір жақа кетіп қалуға 
әрекеттенеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет