43
Екінші реттік (қосалқы) міндеттер.
Екінші реттік талаптар
біріншілері сияқты міндетті емес, автор оларды өз еркімен
тақырыпатына қосқысы келсе, қосады да, алғашқы екеуімен ғана
шектелем десе де, одан тақырыпат «сапасыз» болып қалмайды. Ең
алдымен, бұл –
газет тақырыпатының бейнелілік қызметі
. Егер
алғашқы екеуі, яғни газет тақырыпатының негізгі міндеттері, ең
алдымен, оқырман үшін туындаған талаптар болса, бұл қызмет
оқырмандардан гөрі көбіне журналистердің жеке қамын ойлағанынан
барып туындаған қызмет десе де болады. Уақыт өтіп, заманның
өзгеруімен публицистика саласы дамып, онымен қатар мерзімді
басылымдардың да саны арта түсті. Ал осынау көп мақалалардың
ішінде реципиент дәл өзінің төл туындысына зер салуы үшін,
журналистер өз шығармаларын көркемдік бейнелілігі тұрғысынан
«безендіріп», оқырман назарын аударып, мақаланың толық мәтінін
оқуға еліктіру үшін қолынан келгенше тырысып бағуда. Мақала
атауын көркейту ісінде тілшілер троп пен фигурадан бастап,
окказионализмдерге дейінгі сан алуан құралдарды қолданады.
Газет тақырыпатының келесі қыры –
авторлық бағалау
. Ол жай
ғана автордың әңгіме болып отырған тақырыпқа деген көзқарасын
білдіріп қоймайды, ол сондай-ақ, жоғарыда атап өткеніміздей, адресат
үшін дискурс алаңын да ұсынады. Мақала атауын оқып, тілшінің
бағасын білген реципиент өзі де мақала мәтініне ден қойып, оны
оқығаннан кейін өз ой-тұжырымын автордың пікірімен салыстырып,
сәйкесінше қорытындылар жасайды. Басқаша айтсақ, авторлық
бағалауы бар тақырыпаттар төңірегінде адресант пен адресат
арасындағы қарым-қатынас тереңдей түседі.
Мұндай қызмет қыры бар тақырыпаттар көбіне окказионализмдер
яки автордың тосын қолданыстары арқылы танылады. Мысал үшін
«
Достарыңызбен бөлісу: