Қара
алтынның
" қадiрi артты
» (ЕҚ. – 09.09.2009),
«
Тілсіз жаудан
шығын
көп
» (ЕҚ. – 28.08.2012), «
Африка ренессансы немесе
қара құрлықтың
айы оңынан туар күн жақын
» (З-Қ. – 08.05.1998), «
Төртiншi
билiктiң
төрешiсi кiм?
» (З-Қ. – 24.10.1997). Осындай тақырыпаттар
оқырманның оларды бейнелі, образды түрде қабылдауына үлкен әсер
етеді.
Публицистикада тілшілер тарапынан үлкен құлшыныспен
тақырыпат ретінде қолданылатын тағы бір тілдік құрал –
ирония
.
«Кемшілікті, мін-мүлтікті астармен перделеп сынау, сықақтау,
мысқылдау, кекету» [139, 134] – күрделі тақырыптағы ақпаратты
оқырманға қарапайым, қызықты әрі бейнелі түрде жеткізудің
таптырмас жолы. Мұндай тақырыпат құру арқылы автор өзінің «сөз
зергері» ретіндегі жеке құзыреттік кәсіпқойлығын да тағы бір
айқындай түсетіндей: «
Ақтау түрмесiнен камикадзелер қашқан ба?
Бiздегi жағдайды америкалық кинорежиссер естiмей-ақ қойсын,
"фильм түсiремiз деп" Әдiлет министрiн әуре етер...
» (ЖА. –
06.07.2010), «
Әблязов қырығында "қамал бұзды"
» (ЖА. – 15.05.2003),
«
Премьер-тақсыр, айтқаныңыз орындалады!
» (ЖА. – 24.11.2009).
Фигура
(латынша «келбет», «бейне») яки айшықтау – «сөз
тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен,
айрықша айшықпен құру» [141, 233]. Заманауи публицистикалық
мақалалардың тақырыпаттарында айшықтаудың антитеза, параллелизм,
арнау, риторикалық сұрақ, оксюморон, инверсия сынды түрлері
мейлінше көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |