Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


нарықтық қатынастарды жақтап



Pdf көрінісі
бет105/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   189
Байланысты:
umkd-4

нарықтық қатынастарды жақтап
оның ертелі-кеш елге 
келетінін, сонымен қатар сол кездегі ахуалға көңілі толмағанын байқаймыз. Абайдың ойынша, 
қайсыбір іскер адам артық пайданы, табысты халық игілігіне, қайырымдылыққа, мүдтаждыіи 
құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен білімді дамытуға жұмсауы 
керек. «Тек қана өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған 
хайуанның 
бірі боласың. Адам-
шылықтың қарызына еңбек қылсаң, Алланың 
сүйген 
құлының бірі боласың», - дейді Абай 
өзінің 37-қара сөзінде.
Абай өзінің әйгілі 2-қарасөзінде қазақты өзбек, ноғай, тәжік, орыстармен салыстыра 
келе, қазақтар сол халықтардан үлгі алып, егін егу, сауда, ғылым, қолөнермен айналысып
тазалық пен тәр-тіпке, әскери қызмет атқарып, Құдайды қүрметтеуге және маңдай терін төгіп 
еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келеді. Тек бүгінгі таңда ғана халықтың 
көпшілігі осы ойдың даналығын мойындаған секілді. Сонымен қатар енжарлық көрсетіп, осы 
уақытқа шейін мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес саяқты . 


Абай «байлық» атты ұғымның 
адамгершілік 
жағына аса көп назар аударады. «Әуелі, 
Құдайдан мал тілейсіңдер, - дейді Абай. - Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат 
берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жүмсамай-сың... Сенікі 
біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - 
сол» (аталған шығарма,
27
б.). Өз ойын әрі қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды енді сарып 
қылып, 
ғылым табу 
керек тігін айтады. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. 
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған 
қажылық ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, 
адамшылықпен жүмсаған» (атал. шығ, б.), - деп өкінеді ұлы ойшыл. 
Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетік білгірі болғанын айта келіп
оның көтерген мәселелері осы күні де өзінің өзектілігімен байқалады деуге болады. 
Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған Бұл Дүниесінің кіндігі - адам. Олай болса, 
«Адам бол!», - дейді бабамыз. Яғни әрбір кісі әрқашанда өзінің тұлғасьшың 
адам ұғымына 
сәйкестігін өлшеп, өмір-бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзін жан-
жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарын-дарын сыртқа шығарып, гүлдетіп, бұл 
өмірде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзін бақыттымын деп сезіне алады. 
Бірақ адам идеясы, ұғымы мен тірі өмірдегі пенденің арасын қанша жақындатсақ та, 
олар бір-бірімен толық қосылмайды. Мүны терең түсіне білген Абай да, қазіргі тілмен 
айтқанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет