5
аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық
және әдістемелік
мәдениет негіздерін игеруі;
2)
Студенттердің бойында философиялық рефлексияны,
өзін-өзі
сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3)
Ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және
шығармашылық әлеует қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы
бойынша білім алушы келесі
оқу нәтижелеріне ие болады:
-
философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттау;
-
нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
-
дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде
негіздеу;
-
дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
-
мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасау;
-
негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның
қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының
құндылықтары ретінде
негіздеу;
-
медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жекетұлғалық жағдайлардың
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу
үшін талдау жасау;
-
қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектеу;
-
кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп,
оның нәтижелерін талқылауға
ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: