Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


жағынан - Құдай болса, екінші жағынан - адам. Иса өз мойнына адамзаттың барлық



Pdf көрінісі
бет166/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   189
Байланысты:
umkd-4

жағынан - Құдай болса, екінші жағынан - адам. Иса өз мойнына адамзаттың барлық 
күнәларын алып, ақылға сыймайтын зардап-тардан өтіп, адамзатты Құдай алдында 
құтқарады. Сонымен Құдай-дың адамға деген сүйіспеншілігі оны құтқарды. Олай болса, адам 
да сүйіспеншілікке толы болуы керек. Христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - адамды 
сүю. «Жақыныңды сүй, алыстағыны да сүй, тіпті өз дүшпаныңды да сүй» деген ғажап өсиет 
Иса пайғамбардың аузынан шыққан.
Киелі Августин: «Сүй, содан кейін не жасасаң да мейлі», - 
дейді. Өйткені сүйген адам жамандық пен зұлымдыққа ешқашанда бармайды. 
Тарихи христиан діні неше түрлі жаңару сатыларынан өтті. Оның шеңберінде неше түрлі 
жаңа ағымдар пайда болды (католик-тік, православиеліқ т.с.с). Әсіресе Еуропа топырағында капита-
листік қоғам пайда болған кезде, протестанттық ағым пайда болып, жаңа қоғамның этикасын 
(моральдық қағидаларын) тудырды. Оның негізгі қағидаларының бірі - адам қажымай-талмай еңбек 
етуге, өмірді өне бойы жетілдіріп, жаңартып отыруға жаратылған. 
Христиан діні Еуро-Атлантикалық цивилизацияның дамуына зор әсерін тигізді. Бұл дүниені 
адам мәртебесіне сай етіп қайта қүру жолында үлкен жетістіктерге жетті. Сонымен қатар Дүниені 
қайта өзгерту жолында Батыс цивилизациясы XX ғ. көп сәтсіздікке ұшырап, ақырында біршама 
ойшылдар (постмодернизм ағьшы) адамның табиғатты өз еркіне көндіру қағидасының мүмкін емес 
екенін ашық айтуда. Соңғы 300 жыл шамасындағы ғылым мен техниканың зор қарқынмен дамуы, 
халықты жалпы ағарту, білім деңгейін өсіру, қорланған материалдық байлыққа табыну, өмірде 
сезімдік ләззат алуға ұмтылу т.с.с. еуропалықтардың пілдей бөлі-гінің христиан дінінің шеңберінен 
ауытқып, «индустриалдық» (өндірістік) «кибернетикалық» (есептеу), «сайентологиялық» (ғы-лым) 
т.с.с. дін бағыттарының пайда болуына әкелді, - деп есептейді Ә.Фромм. 
Дүниежүзілік дәрежедегі соңғыдің - Ислам діні. Оның да, христиандық дін секілді, шыққан 
рухани қайнар көзі Таяу Шығыста. Бұл дін VII ғ. араб көшпенділері арасында дүниеге келеді. 
Атақты неміс ғалымы М.Вебер исламды Дүниені бағындыратын жауынгер діні дейді. Сол себепті 
Сары-Арқаның көшпенділері де Бұл дінді үлатып қабылдаған болар деп ойлаймыз. 
Ислам дінінің негізгі қағидаларына тоқталсақ, оның Құдайы -Алла - осы Дүние мен адамды 
жаратқан рухани құпия күш. Христиан дініндегідей мүлда үштік мәселесі жоқ. Ол - жалғыз және өз 
Құдіреті арқылы жаратқан Дүниенің ар жағында мәңгілікті өмір сүреді. Ол Мұхаммед пайғамбар 
арқылы өз өсиеттерін адамдарға жеткізді, сол себепті исламньщ негізгі кркаты - Құран дүниеге 
келді. 
Ислам діні адамды табиғатқа қарсы қоймайды. Алла тағала жаратқан Дүние - керемет, ғажап, 
сондықтан адам алдында оны қайта кәдру, өзгерту мақсаты жоқ, ол табиғат шеңберінде өз орнын 
тауып, өмір сүруі керек. Адам, әрине, саналы және ырықты пенде болып жаратылған, ол жақсылық 
пен жамандықты айырып, таңдай алады.
Ислам дінінің тереңде жатқан рухани негізі қауымдық пен теңдікке (эгалитаризм), қоғамдық 
мүддені жоғары ұстауға кетеді. Сондықтан қайырымдылық, әлсіздерге қол ұшьш беру осы діннің 
негізгі қағидаларының бірі болып саналады. 


Экономика саласындағы Батыстық пайда, кірісті мейлінше көбірек табу, құнды қағаздар 
нарығындағы пайда табу әдістерін, өсімқорлық саяқты нәрселерді Ислам діні қабылдамайды. 
Әконо-мика - адамдардың өмір сүруіне жағдай жасайтын құрал ғана, ол ешқашанда өз-өзіне 
жеткілікті мақсат-мұрат емес. Бұл жағынан алып қарағанда, Ислам неше түрлі социалистік 
идеяларға жақын екенін байқаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы-ның біршама 
Ислам елдерімен өте тығыз байланыста болғанын түсінуге болатын саяқты . 
Тағы да Исламды Христиандық дінмен салыстырсақ, Алла тағаланың қаһарлы Құдай екенін 
байқаймыз. Ол жеке адамның Өзіне ұқсастығын мойындамай, оның тәкаппарлығын судай басады.
Ислам елдерінде гомосексуализм, лесбиандық, нашақорлық, порнография, аборт т.с.с. 
Батыстағы кең тараған нәрселерге тыйым салынған. Сондықтан да Батыс өмір жолының ақпарат 
құралдары арқылы дүние жүзінде кең тарауы Ислам елдерінде наразылық тудырып, казіргі діни 
іргелілік (фундаментализм), экстремистік қозғалыстар себептерінің бірі болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет