ұшырайтыны сөзсіз.
Мұндай кең түрдегі ойларымыздың ауқымын қысқартсақ, онда осы заманға дейін
дүниежүзілік діндердің өмір сүріп жатқанын байқаймыз.
ұлы Қытай халқы уақытында даосизм және конфуциандық философия бағьптарын тудырып,
оларды өмір бағдарламасына айналдырды, яғни олар осы халықтың дініне айналды. Олай болса,
Дүниені жаратқан Құдай идеясы оларда жоқ. Сондықтан әдебиетте оларды
«Құдай ашылмаған»
діндер қатарына жатқызады. Мысалы, Дүниені билейтін «тянь» - аспан ұғымы - бейтұлғалық
дүниенің алғашқы бастамасы. Мұнда Дүниені жарату ұғымы жоқ болған соң, оның басы да, аяғы да
жоқ, ол мәңгі белгілі бір шеңберде айнала береді. Олай болса, адам болмыстың тәртібін зерттеп
қана қоймай, ең алдымен өз-өзін танып-біліп, өзгертуі қажет. Негізгі уағыз-дайтын қағидаларына
«табиғаттың даналығы, онымен үндесті өмір сүру қажеттігі» - у-вей, «өз халқының тарихи жинаған
тәжірибе-сіне, даналығьша сену, яғни әдет-ғүрып, салтты қатаң сақтау» - ли, «адамға сену, оны
сүю» - жень т.с.с. жатады.
Бүгінгі таңдағы беделді діндерге ұлы үнді халқы тудырған буддизм ілімін жатқызуға
болады. Ол б.з.д. V ғ. Гаутама Сидхартха деген ұлы адамның ізденісі арқылы дүниеге келіп,
бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияға кеңінен таралды. Бір діннің негізгі идеясы - адам рухының
асқақтығы, олай болса, адам материалдық дүниеге бай-ланбауы керек (апариграха), өйткені
ол одан жоғары. Келесі бүгінгі адамзатқа тікелей қажетті қағида - ешқандай тіршілікке
зәбірлік жасамау (ахимса). Будданың адам алдына қойған талаптарының ішінде ерекше
маңыздысы - ақыл-ой, ниет тазалығы. Екіжүзділік, алдап кету, арандату - адамның биік
рухани мәртебесіне нүқсан келтіреді. Ешқашанда жеккөрушілік оған қарсы қойылған жек-
Достарыңызбен бөлісу: |