XX ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер,
Х.Ортега-и-Гассет, Ә.Фромм, Г.Маркузе т.с.с). Материалдық Дүниені өз еркіне көндіріп, оны
өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі жетті. XX ғ. өткен
екі дүниежүзілік соғыстар, соның Нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы
экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан бай болғанымен,
рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бәрі де Батыс иркениетінің түйықтыққа келіп
тірелгенін көрсетеді.
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті,
дүниесезімімен ұштастыра (іілген елдерді саусақпен ғана санауға болады (Жапония, Малайзия,
Сингапур, Оңтүстік Корея). Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы
болса да, көп Шығыс елдері жаңа ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда
ксдейшілік пен қайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс
елдеріндегі халықтар Батыс та§8 тесііа туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани
болмысына олар қайшы келіп, қалың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар
әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай
түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр
етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде әкстремизм мен терроризмнің
етек алуына, сонымен қатар «ғаламдасу үрдісімен» бірге кіретін Батыстың чорлық-зомбылық,
порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза
исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм саяқты кертартпа діни үйымдардың
құрамына кіріп, саяси әстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын байқауға болады.
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: