құштармыз».
Тарихи бірінші рет танымдық ой-өрісіне көшіп ізденген ойшылдар грек жерінен
шықты. Милет қаласынан шыққан Фалес (625-547 б.ғ.д.): «Алғашқы Дүниенің негізін
құрайтын зат - су» деді. Өйткені су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты,
сондықтан ол табиғаттағы барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін.
Құрғақшылың тіршіліктің өліміне әкеледі. Өмір орқашанда сумен байланысты, бәрі де
судан шығады, су арқылы өмір сүреді де, суда өмірі бітеді.
Ал адамның жан дүниесіне келер болсақ, Фалес оны барлық Дүниедегі заттарға
теңеген. Магнит темірді тартады, олай болса темірдің де жаны бар деген екен. Олай
болса, бүкіл Дүние тіршілікке толы. Мұндай көзқарасты біз гилозоизм дейміз (hyle -
грек сөзі, материя, zoe - өмір,тірі). Сонымен Фалес жанды бүкіл дүниедегі заттардың
ішкі қозғайтын күші ретінде қараған.
Достарыңызбен бөлісу: