Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. «Бәрінен де
жасы үлкен кім?» «Құдай, өйткені ол тумаған», «Бәрінен де не үлкен?» «Кеңістік,
өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды». Не нәрсе ең әсем? -Дүние, өйткені әсемдіктің
бәрі оның құрамында. «Ең дана не?» - Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да
тудырады. «Барлыққа ортақ не?» «Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтардың да үміті
бар өмірден». т.с.с.
Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы -
Анаксимандр
. Ол Фалестің жан досы,
оқушысы болған деген пікір бар.
Анаксимандр
алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Алғашқы негіз
(arche - бастау, грек сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр
апейрон
деген ұғыммен береді (apeiron - шексіз, бейнақтылы, грек сөзі).
Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз,
сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да анықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |