Когеренттік ақиқатқа
келер болсақ, ол - ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде
жасалған белгілі бір түлсырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі.
Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни
олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа
ізденістерге жол ашылады.
Батыс философиясында
прагматистік (рга§та - іс, іс-әрекет) ақиқат
деген де ұғым
бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге
пайдалы нәтижелер-ге жетеек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», - дейді осы
ағымның өкілдері.
|