«Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет», - деген Гераклиттің нақыл сөздерінен
Логосты Дүниенің өзгеру заңдылықтары деп түсінуге болады.
Келесі үлкен тұлға -
Пифагор (VІ-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап білімге деген
құштарлығы оны шығысқа - Мысыр еліне тартты. Еліне қайтып оралғаннан кейін, ол
өзінің құпия мектебін ашып, өзінің философиясын шәкірттеріне таратты.
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе, Дүниедегі құбылыстардың
заңдылықтарын математикалық
сандық өлшемдермен беруге болатынын байқайды.
Олай болса, Дүниенің алғашқы негізі суда, ауада, жерде т.с.с. емес,
санда болар деген
ой келеді.
Сан - заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан - абстракция,
ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде - сан - ол шындықтың
алғашқы негізі, ол заттардың «фюзисі», яғни табиғаты.
Адам Дүниені қалай таниды?
Адам Дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?
Тарихи бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді. Тарихи алғашқы пайда болған жауап
«қайсыбір таным тәжірибеден шығады». Мұндай танымдық тұжырымға
эмпиризм деген атақ
берілді (emperia - грек сөзі, тәжірибе). Сонау көне заманда пайда болып, эмпиризм танымдық
тұжырымдама ретінде ХVІІ-ХVIII ғ.ғ. қалыптасады. Эмпиризм танымның негізгі қайнар көзін
тәжірибеде деп мойындайды. Эмпиризмге өте жақын тұрған танымдық ағым, ол
-сенсуализм (sensus - латын сөзі, сезім, қабылдау, түйсік). Сенсуализм таным үрдісіндегі сезімдік қабылдауды
негізгі жол деп есептейді. Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі мынадай: «Алғашқы сезімде
болмаған, ақыл-ойда да жоқ».
Келесі таным теориясындағы ағым -
рационализм (ratio -латын сөзі, ақыл). Бұл ағым
адамның