Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет82/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   189
Байланысты:
umkd-4

трансценденттік 
деп тәжірибелік шеңберден 
шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады. 
Келесі екі ұғым - ол «зат өз ішінде», яғни заттың өзіндігі, оны И.Кант «ноумен» деген 
ұғыммен береді, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол «феномен» деген атпен береді. 
Ноумен ол танылмайды.
Егер И.Кантқа дейінгі ойшылдар танымның негізі табиғатты байқап қарауда жатыр деп 
есептесе, ол дүниетануды адамның белсенді іс-әрекетімен байланыстырып, осы жолда адам 
дүниені 
өзінің априорлық формалары арқылы 
ретке келтіріп қурады 
деген пікірге келеді. 
Философиядағы И.Канттың жасаған колерниқандық төңкерісі деп біз осыны айтамыз. 
И.Канттың танымдық теориясы түйсіктер арқылы берілетін әртүрлі құбылыстардан 
басталады. Оларды белгілі бір ретке келтіретін априорлық сезімдік аңдау формалары бар. Олар -
кеңістік пен уақыт. 
И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақыт - белгілі бір сапасыз, біртекті және шексіз 
созылымдар. Сезімдік байқаудың таза форма-лары (трансценденталилер) ретінде олар идеалды, 
ал материалдық тәжірибемен қосылған кезде шынайы болып келеді. Егер кеңістік байқаудың 
априорлық сыртқы формасы болса, уақыт априорлық ішкі формасына жатады, өйткені уақыт 
адамға сырттай берілмеген, біз оны тек іштей санау арқылы ғана сезіне аламыз. 
И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақытты андау математика ғылымының қайнар көзін 
құрайды. Егер геометрияның негізінде кеңістік жатса, арифметика мен алгебраның негізінде 
уақыт жатыр, өйткені сандарды есептеу, бірінің соңынан екіншісін келтіру уақыт шеңберінде 
оларды санауды қажет етеді. 
Алайда сезімдік байқау, қайсыбір одан шығатын тәжірибе әрқашанда кездейсоқты, ал 
білім жалпымағыналық және қажеттік, зандылық дәрежесіне көтерілуі керек. Оған жететін жол - 
априор-лық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейді. Ол категориялардың қайнар 
көзін тәжірибеден шығармайды, олар да кеңістік пен уақыт саяқты , априорлық табиғатымен 
сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық категорияларына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет