мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Ақпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті
бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-ы ғана істейді.
Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер
өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек.
Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиқаның 50%-ынын
асады екен! Сонымен ақпарат ең құнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық
ақпарат ресурстары сол қоғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап
ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і қалады. Ал
1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның қүнын аласыз да, сонымен қатар сол 1000 бит қолыңызда
бұрынғыдай қала береді!
Олай болса, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи
дарындары, оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз адамдарының
шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары лі болса
да, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп көңіл бөлінуі керек.
Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына көп
көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда болды.
Біріншіден, жаңа заманның үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта арнаулы
оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел қандай қиын
жағдайда болса да, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу орындары «Интернет»
жүйесіне қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер дүниежүзілік ақпарат қорымен
пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа іаманға сай оқулықтар дайындалып, мультмедиалық білім
беру әдістері алдыңғы шептегі мұғалімдердің күнбе-күнгі жұмысына айналды.
Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда болып,
дами бастады. Әрине, бұл үлкен жұмыста асырасілтеушілік де болды. Мұндай үрдіс басталған
кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ басты» жолына түсіп,
оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материал-дық базасы жоқ «университеттердің»
ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру «жеңіл іске» айналды. Тұрпайы пайда табуға
құныққан оқу-білім саласындағы «іскерлер» қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз
кеселін тигізді!
Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, «университет
ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар - әлі шаш етектен.
Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның
талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден,
әлеуметтік-гуманитар-лық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық
қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде
әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы
кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабьша көп жағдайда сай келмейтін.
Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі мейлінше
кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс білім беру жүйесі
саяқты . Мұндай асырасілтеушілік
Достарыңызбен бөлісу: