Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет99/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189
Байланысты:
umkd-4

«Homo Simbolicus» 
- нышан, белгі жасайтын адам 
деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан 
қалған аңыз - дастаңдар, дін, өнер қағидаларын, неше түрлі өмірдегі кезде-сетін белгілерді 
(мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек 
белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, 
көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның 
жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал 
Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу - мөлдір 
махаббаттың символдары ретінде көрінеді.
Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама 
берген болатын. 
Адам сондай күрделі, сан қилы пенде болғаннан кейін, оған беруге болатын 
анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам, «күле алатын», «жылай алатын», «өлетінін 
білетін» т.с.с. пенде. Бірақ У. Оккамның ұстарасы: «Мән-мағынаны қажеттіліктен тыс көбейту 
керек емес», - дейді. Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, 
оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген саяқты. Адам - санасы арқылы Дүниені 
танып-білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, айнала қоршаған ортаны 


өзгертіп, сан алуан қажеттіліктерін өтей алатын пенде дер едік. Ал жоғарыда көрсетілген және 
басқа да адамдардың сан алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет