Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет98/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189
Байланысты:
umkd-4

«Homo Aesteticus»
- сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның ғажап жағын 
бізге көрсетеді. Адам - дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағьш байқап, одан ләззат алатын 
пенде. Ыстық жаз күндердің бірінде күннің орасан зор қан-қызыл түсте батуы ешкімді де 
немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп шығармашылыққа, табиғаттың 
кереметтігін мойындауға, оған бас июге итермелейді. «Әсемдік Дүниені сақтап қалады», - деген 
Ф. Достоевскийдің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек. Біз болсақ тек қана ар - 
ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені, өкінішке қарай, бүгінгі өмірде салқын 
лебізді, ар - ұжданның талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі. 
Голландия ойшылы И. Хейзинга адамға 
«Homo Ludens»
- ойнайтын адам деген ат қойып, 
сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді 
ойнайды. Мысалы, ол - әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса туысы, саяси партияның 
мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік 
нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында адам сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған 
жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан 
жоқ, ол бүкіл жер бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың 
күшіктері бір-бірімен ойнап, өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар 
тоқталады. 
«Homo Erectus»
- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін 
байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі 
қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа - ешқандай теңдесі жоқ
адамның қолына айналады. Адам өз қолдарымен 2000-нан артық әртүрлі нәрселерді жасайды 
екен (микроскол арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін!!!). 
Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егерде жер бетіндегі адамдардың бәрі 
де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған қарап, Ғарыштан ұшып келген саналы 
пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар еді!!! Өйткені адамның қолы - 
рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге қалыптасқан туындысы. 
Француз ойшылы Э. Кассирер адамға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет