27
Діни сенім бостандығы
Шетелдік қаржылай көмек берушілердің белсенділігі білім саласында
да байқалады. 2001 жылы Мысыр үкіметінің қаржылай қолдауының
арқасында ислам мәдениетінің университеті «Нұр–Мүбарак» ашылған
болатын.
57
Ол Қазақстанда имамдар білім алатын бірінші университет
болды.
58
2008 жылы онда 500-ден астам студент оқыды, олар арабтану,
ағылшын тілі, салыстырмалы исламтану мамандықтарын және педагогика
бакалавры мен магистрі болу үшін оқыды. Білім министрі исламды зерт-
теу курсын ашуға аккредитация бермеді, себебі Қазақстанның зайырлы
мемлекетке жататынын ескерген еді.
59
Сондай-ақ, Мысыр Алматыдағы Ислам институтын қаржыландырды.
Институт Қазақстан мұсылмандары үшін «Иман» журналын шығарады,
сонымен қатар қазақ тілінде Құранды басып шығарады, ислами білімді
қолдайды және Қазақстанның тарихы мен этнологиялық мұрасына
арналған «Ислам шапағаты» журналын шығарады. Араб қорларының
Шымкентте «Отырар» қазақ-араб университеті және Қазақ- Кувейт гума-
нитарлық академиясы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: