Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы


Диалог жүргізу үшін қажетті әлеует



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Диалог жүргізу үшін қажетті әлеует
Қазақстан көп жылдар бойы өзін әлемдік діндер арасында бейбітшілік диа-
логын табысты қорғап келе жатқан ел ретінде көрсетіп келеді. 2003 жылы 
президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемдік діндердің 
бірінші Конференциясы өтті.
Мақсат – дін өкілдері арасында өтетін пікір алмасуға және дінге сенушілердің 
бейбіт қатар өмір сүруіне жәрдемдесу. 2003 жылдан бері Конгресс үш 
жылда бір рет өтеді. Осы оқиғаға қажетті символикалық күш беру үшін 
2004–2006 жылдары биіктігі 62 метр болатын Бейбітшілік және келісім 
сарайы салынды. Бүкіләлемдік белгілі британдық архитектор сэр Норман 
Фостер тұрғызған бұл ғимарат әлемдік діндердің үйлесімді бейбіт қатар 
өмір сүруіне арналған, сонымен бірге Қазақстанда тұратын түрлі этни-
калық топтардың жанжалсыз өмір сүру керектігін паш етеді.
Конференцияның басты тақырыптары: «Дін көшбасшыларының төзімділік, 
өзара сыйластық және ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілік орнату-
дағы рөлі» (2009), «Дін көшбасшылары мен саясаткерлердің бейбітшілік 
пен даму жолындағы диалогы» (2015), «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем 
үшін» (2018).
Конференция жұмысына исламның, христиандардың, иудаизмнің, буд-
дизмнің, индуизмнің, даосизмнің, синтоизмнің, зороастризмнің жоғары 
лауазымды өкілдері қатысты.
66
Егер 2003 жылы 23 елден тек 17 делега-
ция қатысса, 2018 жылы 46 елден 82 делегация келді.
67
Қол қойылған 
түпкілікті құжаттар дін қызметкерлерін қақтығыстарды азайтуға және 
қатар өмір сүруді реттеуге шақырды.
66
Беллок Анна, Пулен Роксэн. Қазақстан өзін дінаралық диалогте көшбасшы ретінде 
көреді: Новастан.орг (2008). URL: https://www.novastan.org/de/kasachstan/kasachstan- sieht-
sich-als-fuhrend-im-interreligiosen- dialog/(қараған күні: 14.05.2019).
67
Сатубалдина, Әсел. Астанада дін лидерлерінің съезі басталады, бейбітшілік орна-
тудағы діннің рөлі талқыланады: The Astana Times (11.10.2018). URL: https://astanatimes.
com/2018/10/congress-of-religious- leaders-kicks-off-astana- discusses-role-of-religion-in-
building- peace/ (қараған күні: 14.05.2019).


31
Діни сенім бостандығы
Диалогтың мемлекеттік түрімен қатар, жекелеген діни қауымдастықтар-
дың бастамасы ұсынылды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқар-
масы (ҚМДБ) елдегі мұсылмандардың атынан сөз ұстайды. Мұсылман-
дар өздерінің жариялы шараларын ұдайы негізде жүргізеді. Дінаралық 
семинарлар өзара түсінікті ұлғайтуға бағытталады.
«Мицва» еврей ұйымдары қауымдастығының президенті, Қазақстанның 
Халық ассамблеясы 
68
кеңесінің мүшесі Александр Барон өзінің 2019 жыл-
дың 28 сәуірінде Алматыда берген сұхбатында 
69
раввиндер мен имамдар-
дың 2000 жылы өткен бірінші кездесуінің өзінде-ақ бейбіт және үйлесімді 
қатар өмір сүрудің негізгі қаланғанын атап көрсетті.
Әртүрлі бастамалардың өкілдері экстремистік және исламның фунда-
менталистік ілімінен өздерін алыс ұстап, рухани идеологияға емес, әлеу-
меттік салада қатар өмір сүруге басты назар аударады.
70
Православ шіркеуі де дінаралық диалогтың бастамаларына өте бел-
сенді түрде қатысады және өздерін әріптестіктің бейбіт жолын қолдаушы 
ретінде көрсетеді. Православ шіркеуі мемлекеттің сенімді әріптесі болды 
және бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырды. Мысалы, ол ұлттық Нау-
рыз мерекесінің өтуін қолдайды.
Католик шіркеуі де, әрине, бұл диалогқа өз үлесін қосады. Католик дінінің 
өкілдері конференциялар мен дөңгелек үстелдердің аясында діндер ара-
сында басқа конфессиялардың өкілдерімен кездесу және олардың діни 
сенімдеріне түсіністікпен қарауға тырысу арқылы бейбітшілік пен келісімді 
орнатуға шақырады. Елемеушілік пен эгоцентризм төзбеушілікке әкеледі. 
Қазақстанның католик шіркеуінің есімін көрсеткісі келмеген бір үлкен 
өкілінің айтуынша, католик шіркеуі де Заңнамаға өзгеріс енгізуге шақырды. 
Мысалы, 16 жасқа дейінгі жеткіншіктер діни салтанат пен құдайға сиыну 
рәсімдеріне әке-шешесінің бірдей келісімінсіз қатыса алмайтын болды. 
Бірақ та жалғызбасты әйел немесе әке болған жағдайда бұл мәселені 
қалай шешу керектігі нақты анықталмаған. Көптеген талқылаудан кейін 
68
Қазақстан Халқының Ассамблеясы (ҚХА) 1995 жылы тұңғыш Президент Нұрсұлтан 
Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Оның мақсаты – этникалық және діни жанжалдар 
мен қайшылықтарды бәсеңдету және келіссөздер арқылы шешім табу. 2007 жылы ҚХА 
конституциялық статус алды. Бұл оның қоғамдық- саяси ролін айтарлықтай көтерді.
69
Қосымшаны қара.
70
Балпанов, 24-бет (20-сілтеме).


32
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
әке-шешесінің біреуінен, туысынан немесе қамқоршысынан анықтама 
берілсе, жеткілікті болады деген ымыраға келді.
Әдеттегідей, басты діни қоғамдардың өкілдері бір-бірін Жаңа жыл, Рожде-
ство, Құрбан айт мерекелерімен құттықтап, бақыт тілейді.
Қорыта айтқанда, барлық ірі діни қоғамдар бейбіт диалогқа шақырады. 
Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған 
Әлемдік діндер конференциясының ажырамас бөлігі болып саналады. 
Бірақ, солай бола тұрса да, олар кездесулер ұйымдастыру үшін өздерінің 
шараларын өткізеді.
Фридом Хаус немесе Ослодағы Бостандық Форумы сияқты халықаралық 
деңгейде танымал ұйымдар даму барысының оң тұстары мен келеңсіз 
жақтарын ғылыми стандарттарға сәйкестендіріп анықтайды. Қазақстанда 
басқа да мемлекеттік емес субьектілер қызмет атқарады және олар 
өздерінің жеке бастамаларымен диалогқа ықпал жасайды. Мысалы, 
Қазақстандағы ОБСЕ-нің зерттеу орталығы, сондай-ақ Қырғызстан 
мен Тәжікстанда мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен қызығушылық 
танытқан жұртшылық үшін бір-біріне деген сенімді нығайтуға арналған 
шаралар ұйымдастырды.
Конрад Аденауэр атындағы қор да бейбітшілік пен өзара түсіністікті 
нығайту ісіне белсенді қатысады. Германияның саяси Қоры 2017 жыл-
дың қазан айында Қазақстанның халық Ассамблеясымен өзара түсіністік 
туралы меморандумға қол қойды. Ол Қазақстандағы этникалық топтар-
дың жанжалсыз қатар өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы ынты-
мақтастықты білдіреді. Бұл ынтымақтастықта діни мәселелер де белгілі 
рөл атқарады.


33
Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет