ҚОСЫМША
«Қазақстан Республикасындағы діни сенім
бостандығы» тақырыбында заң ғылымдарының
докторы, Каспий қоғамдық университетінің
профессоры Роман Подопригорамен жүргізілген
сұхбаттың транскрипті
Томас Хельм: Әңгімемізге арқау болатын 3 негізгі тақырып бар. Біріншісі,
Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының жалпы мәрте-
бесіне немесе жағдайына көзқарасыңыз жөнінде сұрағым келіп отыр
және мен Сізден бұл туралы пікіріңізді жеткілікті түрде ашық білдіруіңізді
сұраймын.
Роман Подопригора: Мен мұндай жағдайларда «немен салыстыруға
байланысты» дегенді жиі айтамын. Егер біз кейбір батыс стандарттары-
мен салыстыратын болсақ, бес балдық шкаламен бағалағанда, әрине,
бізде екіден үшке дейінгі шамада болады. Егер біз бұрынғы посткеңестік
кеңістіктегі елдер туралы айтатын болсақ, онда біз үштік пен төрттің шама-
сында боламыз. Егер біз Орталық Азия елдерімен салыстыру туралы айта-
тын болсақ, онда бізде шамамен төрт болады, сондықтан да бұл мәсе-
леде пікір қалыптастыру нені немен салыстыруға байланысты болады.
Томас Хельм: Менің көкейімде тұрған үш негізгі аспект бар, біріншісінен
бастайын. Жалпы, қандай да бір діни ұйымды ресми түрде қабылдау үшін,
діни бірлестік ретінде тану үшін қалай әрекет ету керек? Белгілі бір тіркелу
рәсімінен өту керек екенін білемін. Жалпы, ресми діни бірлестік ретінде
тіркелуге байланысты барлық мәселелерге тоқталсаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |