Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет24/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Роман Подопригора: Негізі, мұнда да айырмашылықтарды көру керек. 
Кейбір заңнамалық талаптар бар, сонымен қатар ішкі корпоративтік талап-
тар да бар. Заң тұрғысынан ешқандай шектеу жоқ. Тәжірибе тұрғысынан, 
әрине, тексерілген діни мекемелерде білім алған имамдарды тағайындауға 
тырысады. Қазақстанда ешқашан арнайы мамандандырылған оқу орын-
дары болған емес, сондықтан ел тәуелсіз алған кезде көптеген уағызшы-
лар Мысырдан, Сауд Арабиясынан, Пәкістаннан келді. Олардың кейбіреуі 
Германиядағы сияқты радикалды көзқарастағылар, ұстанымдағылар 
және т. б. болуы да ықтимал. Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша 
проблемаларға тап болуы – осы миссионерлер қызметтерінің салдары. 
Қазір мемлекет бұған қатты алаңдаулы және діни қызметшілерді оқыту-
дың өзіндік жүйесін құруға тырысуда. Қазақстанда білім алған адамдар 
немесе мысалы, ынтымақтастық орнатылған білім беретін оқу орында-
рында білім алған адамдар ғана мешіттерде қызметші бола алады деген 
болжам бар. Бірақ та, қазірдің өзінде бұрыннан танылмаған оқу орында-
рында білім алған адамдар да уағыз айтатын мешіттер де бар. Қазақстанда 
ресми ислам бар, бірақ исламның басқа бағыттары жоқ деп айту дұрыс 
болмас. Олар да бар. Бұған қоса олар мемлекеттік құрылымдар тарапынан 
қолдауға ие және мешіттерді бақылауға мүмкіндік беретін өз ресурстары 
да бар. Күнделікті діни практикаға қатысты белгілі бір шектер бар. Діни 
бірлестіктерге жататын діни ғимараттар мен үй-жайларда, сондай-ақ басқа 
да жерлерде: зираттарда, крематорийлерде, тұрғын үйлерде (кришнаит-
терді осы үшін кінәлайды) құдайға құлшылық жасауды еш қиындықсыз 
жүзеге асыра аласыз. Басқа көптеген жағдайларда діни практика мем-
лекеттік органдармен келісілуі керек. Егер сіз мысалы ғибадат ету үшін 


42
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
ғимарат немесе бизнес кеңсені жалға алсаңыз, онда жергілікті биліктен 
рұқсат алуыңыз керек. Білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің 
пайда болуына мүлдем тыйым салынады. Көптеген басқа жағдайларда 
бұл сұрақ заңгерлерге арналады – бола ма әлде жоқ па?
Томас Хельм: Шекті жағдайға келетін болсақ, исламға қатысты екі мәселе 
бар. Біріншісі, мұсылмандар және еврейлердің қарым- қатынасы, өйткені 
Астанада үлкен синагога бар, білесіз бе, еврей шіркеуінің басшысы Тұңғыш 
Президент қорында өткізілген шараға қатысқан еді. Ол Қазақстанда 
еврейлердің жақсы өмір сүріп жатқанын айтты. Бірақ, әрине, мұсылман-
дар және еврейлер мен еврей діні арасындағы қарым- қатынас әрқашан 
айқындаушы фактор болып қала береді. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет