43
Қосымша
айналған кезде басқа корпорациялар сияқты проблемаларды бастан кешіруі
мүмкін, олар: бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық және тағы басқалар. Басқа
ислам мемлекеттерінің Қазақстанда өздерінің мүдделерін алға жылжы-
туға қызығушылықтары да бар болуы ықтимал. Бірақ та, кейінгі кездері
біздің мемлекеттік органдар, арнайы қызметтер осы жағдайды бақылауға
тырысуда,
оны мойындап, лайықты бағасын беруіміз керек.
Томас Хельм: Дәстүрлі ислам құндылықтарында 2 мәселе бар екенін айта
кетуіміз қажет. Таяуда мен ықтимал шәкіртақы алушылармен сұхбаттасқан
едім. Сұхбат барысында менің алдымда екі жас қыз көз жастарын көл етіп,
шағымдарын айтты. Біреуі – этникалық күрд өкілі, ол оқығысы келетінін
айтады, ал әкесі оны күйеуге беріп, қалыңмал алмақшы; ал екінші қыз
Батыс Қазақстаннан келген, оны бір жігіт алып қашып кетпекші болған
екен. Сосын ол үйленуге мәжбүрлегендіктен, үйінен қашып кеткендігін
айтты. Ол осыған қарсы ештеңе істей алмайтынын, құқық қорғау орган-
дарына жүгінудің де еш пайдасы жоқ екенін, оны бәрібір алып қашып
кететінін айтты, сол кезде менің көкейімде: «бұл ұлттық дәстүр ме әлде
діни дәстүр ме» деген сұрақ туындады?
Достарыңызбен бөлісу: