Роман Подопригора: Мен, жалпы, Қазақстанда мұндай проблема бар
немесе оған назар аудару керек деп айтпас едім. Біріншіден, менің ойымша,
Қазақстанда соншама үлкен иудейлер қауымы жоқ, бүкіл ел бойынша
бірнеше ғана синагога бар. Тағы бір нәрсе, бұл жерде жалпы бизнесте,
басқа салаларда қаншама еврейлер бар. Бірақ олар діни қызметпен онша
айналыспайды, сондықтан олар өздігінен дербес өмір сүреді. Сондықтан
бұл мәселеде мен проблема көріп тұрған жоқпын.
Томас Хельм: Мен Астана қаласындағы Highwill тұрғын кешенінде тұра-
мын, өзімнің тереземнен ең үлкен мешітті, Сауд Арабиясының қаржы-
сына салынған мешітті көремін. Олар мешіттің қасында Құранды оқып-
үйрену үшін мектеп салып жатыр, оны да Сауд Арабиясы қаржыландырады,
мүмкін Сауд Арабиясы ваххабизм дәстүріне сәйкес белгілі бір ықпалға
ие болғысы келетін шығар. Сіздің ойыңызша, олар қаншалықты ықпалға
ие болғысы келеді, әлде ие болғысы келе ме немесе иие бола ала ма?
Достарыңызбен бөлісу: |