ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы діни сенім бостандығының басты мәселесін Тұңғыш Пре-
зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқандарынан дәйек сөздер келтіріп,
жақсы сипаттауға болады. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде ол былай деді:
«Бұл жерде біз діни сенім бостандығын шектеу туралы айтып тұрғанымыз
жоқ. Біздің мақсатымыз және басқа да барлық мемлекеттердің, әсіресе
исламды өздерінің мемлекеттік діни ретінде қабылдағандардың да
мақсаты – халқымызды экстремизмнен қорғау болып табылады».
71
Елді
тұрақсыздандыруға әкелуі мүмкін экстремистік және исламдық қозғалы-
стар қаупіне байланысты үкімет үлкен алаңдаушылығын танытып отыр.
Елдің тыныштығын сақтау ниеті түсінікті және қауіптену негізсіз емес,
бірақ кейде бұл қауіппен күресу кезінде қолданылатын шаралар төніп
тұрған қатерге сәйкес келмей жатады.
Заңнамалар қабылдау арқылы қоғамды терактілерден қорғау үшін
үкіметтің мақсатын орындауға арналған шаралардың аясы тым тар, оның
үстіне діни сенім бостандығын шектейді. Ең алдымен шағын діни қауым-
дар заңды талаптарды орындауда үлкен қиындықтарға тап болуда, соны-
мен бірге қатаң ережелерді сақтау қажет. Мұны орындамаған жағдайда
олар қайта тіркеуден өте алмауы мүмкін. Сонымен бірге негізгі үш діннің –
исламның, проваславиенің және католицизмнің жолын қуушылар да өз
діндерін еркін уағыздай алмауы мүмкін. Заңды іске асыру мен оның әре-
кет ету ауқымын кеңейту дінге сенушілерді маңызды ымыраға келуге
мәжбүрледі және өздерінің діни өмірінің бір бөлігі болып саналатын
бірқатар нәрселерден бас тартуға әкелді.
Бұл ретте ислам әрдайым баста назарда ұсталады. Өзін мұсылманмын
деушілер белгілі бір ережелерді сақтауы керек, оны бұзған жағдайда ірі
айыппұлдар салынады. Көптеген мұсылман ұйымдары «жалпы күдікке»
ілігеді, олар экстремизмді қабылдауға дайын тұрады-мыс. Қазақстан-
дағы христиан ұйымдары мұндай жағдаймен аз ұшырасса да, тәжірибе
көрсеткендей, шектеулер оларға да тиеді.
Сонымен, таяу жылдары қайшылықтың екі жолы іске асуы ықтимал, олар
еліміздің діни бостандығына тікелей әсер етуі мүмкін. Оның бірі исламдық
71
Волошин (40-сілтеме).
34
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
терроризм алдындағы үреймен байланысты. Осыған орай, мемлекет келе-
шекте өз назарын экстремистік құрылымдарға қарсы мақсатты түрде
күрес жүргізуге аудара ма немесе Заңнама қабылдау арқылы жалпы
күдікті құпия анықтаумен шұғылдана ма деген сұрақ туады. Егер үкімет
одан әрі шектеулер мен бақылаудың пайдасына шешім қабылдайтын
болса және диалог орнатуға тырыспаса, онда бұл жағдай наразылық
тудыруы мүмкін және ол тек мұсылмандардан басқа дін өкілдерін де қам-
туы мүмкін. Қайшылықтар оқиғалардың қарама- қарсы дамуының нәти-
жесінен де туындайды; жас ұрпақ исламға жиі-жиі бет бұра бастағанда
зайырлы үкімет өз кезегінде олардың ұмтылысына кедергі келтіретін
вакуум жасайды, яғни диалог жасауды ескермей, елеусіз қалдырады.
Діни ұйымдарға қатысты шешімдер елдің келешегі үшін үлкен маңызға
ие болады, сондықтан мемлекеттік құрылымдар диалогқа баруға көбірек
ұмтылғаны жөн.
35
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |