ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА
ҮНДЕУІ
ҮНДЕУІ
ҮНДЕУІ
ҮНДЕУІ
ҮНДЕУІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС
БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
Сыбайлас жемқорлық тек бүгінгі
күннің мәселесі емес, ол-адам бала-
сымен бірге жасасып, кейінгі уақытта
қанатын кеңге жайған індет. Әр заманда
ол өзінше көрініс тауып, өзектілігін
жойған емес. Онымен күресу де әр
уақытта, әр қилы сипат алған. Десек те,
бұл кеселмен күрес әлі күнге жалғасып
келе жатқандығы қынжылтады.
Жемқорлыққа бармас бұрын әр адам
өз қылығының ертең Заңмен қуда-
ланатынын ескергені жөн. Адам
баласының мәңгі жасамайтынын
ескерсек, бұл өмірде арың таза болып
өткенге не жетсін. Арға түскен күйені
жусаң да, кетпейтінін ұққаныңыз жөн.
Негізгі сыбайлас жемқорлықтың
алдын-алу үшін, ең алдымен үгіт-
насихат жұмыстарын көптеп жүр-
гізген жөн шығар. Бұл жағынан
"Барсакелмс мемлекеттік табиғи
қорығы" РММ-нің қызметкерлеріне
үнемі жиындар өткізіп, сыбайлас
жемқорлыққа жол бермеу жайлы және
оның зардаптары туралы нақтылап
айтып отырады. Ал, қорық қызметкер-
лері өз тарапынан мұндай олқылыққа
жол бермеуге тырысуда. Өйткені, әр
инспектор мемлекет алдындағы
міндеттерін ұмытпақ емес. Қорық
инспекторлары табиғат қорғау ісін
өзінің қасиетті борышы деп біледі.
Сондықтан, олқылыққа жол бермейді
деген сенімдемін.
Иә, бұл пәниде адамның көзі тойған
ба? "Кедей бай болсам, бай құдай
болсам" деп, кейде иманнан аттап кетіп
жататынымыз да бар. Біреу ұсынған
параны алып, кем-кетігімді жамап
алайын деп, болмаса, бүгін алсам енді
алмаймын деп қателікке бой алдыра-
тындарға айтарым - мүмкіндігінше бұл
індетпен ойнамағанымыз жөн болар.
Сіз болып, біз болып күрессек, Ата
Заңымыздың мерейі үстем болмақ!
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
баршамызға ортақ іс.
Достарыңызбен бөлісу: |