Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2



БIЛIМ — МIР ШЫРАЅЫ, ТЌРБИЕ — КЃIЛ ШУАЅЫ
№17 (430) 1 қыркүйек 2016 жыл Газет 1998 жылдан шығады.
ОБЛЫС
ЏСТАЗДАРЫНЫЃ
ГАЗЕТI
Білім саласының үздіктері
Соңы 4-бетте.
Ол таңертең мектепке келгенде
кабинетінің алдында орта бойлы,
мығым денелі, шашын артқа қайыра
тараған қараторы жігіт ағасы күтіп
отыр екен. Жанында бірі-біріне тете
екі баласы бар. Ұл мен қыз. Балаларын
осы мектепке ауыстыруға келіп
отырған ата-ана болды ғой деген ой
келді оған. Амандасып, кабинетке кіріп
жөн сұрасқан соң ғана бейтаныс
кісінің жоғары сыныптарда оқитын
Еркін мен Айгүлдің әкесі екенін білді.
Әлгі кісі директор нұсқаған орындыққа
жайғасқан соң келгендегі жұмысын
айтты.
- Ләйла, қарындасым, ұялсам да
алдыңа келіп отырмын. Былтыр мына
екі баламды мектептің қашықтығына
байланысты басқа мектепке алып кетіп
едім, соны өзіңе қайта алып келдім.
Басқа мектептегі оқу үлгеріміне
көңілім толмады. Оның үстіне
осындағы оқитын оныншы, он бірінші
сыныптардағы ұлым мен қызыма
қойылатын талапты күнде көріп
жүрмін. Бұл балаларыма да өздеріңдей
талап қоятын мектеп керек болып тұр.
Соңғы тоқсанда үлгерімі тіпті
нашарлап кетті. Осы кезде есік қағып,
рұқсат сұрап, хатшы қыз кірді.
- Апай, кешіріңіз, сағат тоғыз
жарымға дейін жіберіңдер деп еді,
көресіз бе?- деп, бір қағаздарды
директордың қолына ұстатты. Осы
айға жасалған ұлттық бірыңғай
тестілеу сынағының межесі екен. Көз
жүгіртіп шығып, қол қойып берді.
Осы сәтте алдындағы қара телефон
безілдей жөнелді. Аудандық білім
бөлімінен екен.
- Қазір сағат он бірде облыс
орталығындағы №264 мектеп-лицейде
ұлттық бірыңғай тестілеуге
байланысты жиналыс болады, соған
қатысуыңыз керек. Сосын алаңға отыз
бала дайындыққа келу керек еді, соны
қамтамасыз етсеңіз, - деді телефон
тұтқасының ар жағындағы дауыс.
Тұтқаны қойып, алдындағы кісімен
әңгімесін енді жалғай бергенде қара
телефон қайта безілдеді.
- Сағат төртте көркейту-көгал-
дандыру жұмыстарына байланысты
жиналыс болады, соған қатысасыз,
басылымдарға екінші жартыжылдыққа
жазылу мәселесі бойынша есеп-
теріңізді де ала келерсіз, - деді аудан
әкімдігінің инспекторы.
- Апай, "Нұр Отаннан" хабарласып
жатыр, бүгін кешке алаңдағы шараға
он мұғалімімен қатысуы керек дейді, -
деп сөйлей кірді қолында бір бума
жедел хаттары бар хатшы қыз.
- Жарайды, - деді бұл, сосын
алдындағы кісіге бұрылып, - кешіріңіз,
айта беріңіз, сонымен сіз балала-
рыңызды осы мектепке ауыстыры-
ғыңыз келіп отыр ма?
- Иә, Ләйла қарындасым,
алдымыздағы қыркүйектен бастап
осында оқытқанды жөн көріп, алдыңа
алып келіп отырмын. Балаларымның
өзі де осы мектепке қайта келгісі келіп
жүр, "өзіміздің мектебіміз жақсы еді"
деп, мамасы екеуміздің мазамызды
алып жүргеніне біраз болды.
- Жарайды, онда, жаңа оқу жылы
қарсаңында хабарласыңыз. Мектепке
қабылданды деген анықтама алып,
сосын құжаттарын алып келерсіз.
Қонақты шығарып салып, сағатына
қарады, он болып қалыпты. Үстелінің
оң жағындағы түймені басты. Хатшы
қыз кірді.
- Сегізінші сыныптың жетек-
шілерін, Берік ағайыңды шақыршы, -
деді.
Өзінің тәрбие жұмыстары жөнін-
дегі орынбасары, орта бойлы қараторы
жігітпен амандық-саулықтан кейін
бірден іске көшіп:
- Берік, түстен кейін сағат төртте
болатын әкімшіліктегі жиналысқа
өзіңіз қатыссаңыз, көркейту-көгал-
дандыру мәселесі қаралады екен. Со-
сын басылымға жазылудың мәліметін
ала барарсың. Мен қазір қалаға жүруім
керек болып тұр, аманшылық болса
түстен кейін келермін, - деп есікке
беттеді.
Қызылорда облысы, Жалағаш
ауданындағы Темірбек Жүргенов
атындағы №123 мектеп-лицейдің
директоры Шөменова Ләйла Шәріп-
қаниқызының әрбір жұмыс күні
осылай қарбаласпен басталар еді.
Кішкентай қол сөмкесін иығына
іліп, қажетті қағаздарын асығыс алып
автовокзалға тартты. "Қалаға бір адам,
Қызылордаға екі адам! Бір адам болса
жүреміз!" деп айқай салып тұрған
такси жүргізушілері бұған қарап:
- Қалаға барасыз ба, маған келіңіз,
бір адам керек, жүреміз, - деп, жарыса
шулап жатыр. Уақыт сырғып барады,
сағатының тілі онды көрсетіп тұр. Он
бірдегі жиналысқа үлгеруі керек...
Мұғалім боламын, бір кездерде
мектеп директоры болармын деп
ойламапты. Жалағаш ауданы орталы-
ғынан жиырма шақырымдай болатын,
Сырдарияның жағасында орналасқан
ауылда туып өскен Ләйланың балалық
шағының да ауылдағы өз қатарларынан
айырмашылығы болған жоқ. Сылаң-
даған Сырдария өзені ауылдың дәл
іргесімен ағып өтетін. Ауылдағы үш
қабатты №34 орта мектепте оқыды.
Қыстың күні топ бала үйдің тіршілігін
бітірісімен ауыл іргесіндегі дарияның
мұзына сырғанақ тебуге барады. Қас
қарайғанша ойнап, үйге келгенде жез
самауыр екі иінінен демалып,
анасының ыстық шайы дайын тұрар
еді. Шайды ішіп алып, сабағын бір
қайталап алуға отырады. Сабақтан бос
уақытта әкесі балаларына шахмат
ойнататын.
- Ертелі-кеш дарияның мұзына
жүгіре бергенше, арасында шахмат
ойнаңдар, ойларың өседі, миларың
шынығады, - дер еді.
Шахматтың қызығына түсіп кейде
сабақтарын қарауға үлгермей, таң-
ертең ерте тұрып оқитын. Әкенің
осындай тәрбиесінің арқасында
отбасындағы барлық балалар шах-
матты тым жақсы ойнайтын болды.
Кейін ойлап қараса "математика -ақыл-
ойдың гимнастикасы" демекші, шахмат
деген ойын тұрғанымен математика
екен. Әр жүрісің есеп, ең кем дегенде
оншақты жүрісіңді алдын ала есептей
білмесең ұтыласың. Әкесі осындай
тәрбиесі арқылы балаларын алдағы
өмірге дайындағанын есейе келе білді.
Ойлап қарап отырса өмір дегенің де
шахмат ойыны секілді. Бір жүрісіңнен
қателессең ұтыласың.
Аллаға шүкір, әзір ұтылған жері
жоқ. Жас та болса абыройлы,
ауданның білім саласында салмағы,
өзіндік орны бар. Бірақ осы абыройы
оған оңайлықпен келген жоқ. Күні-түні
қажымай, талмай еңбектенумен келді.
Еңбек, бейнеткештік, намысты қолдан
бермеу жастайынан атаның қанымен,
ананың сүтімен бойына сіңген қасиет.
Барлық сабақтарды жақсы оқыды.
Жасынан есепке жүйрік еді. Өзінен
үлкен апасы Рақыш шаруашылықта
есепші болды. Шаруашылықтың есеп-
қисап қағаздарын кейде жұмыста
үлгермей, үйге алып келетін-ді. Сонда
бұл апасына көмектесетін. Жүргізу-
шілердің путевка-жолдамаларын
есептеп, қанша шақырым жүргенін,
оған қанша жанар май жұмсалғанын
шығарып беретіні есінде. Осының
әсері ме оныншы сыныптарда оқып
жүргенде болашақ мамандық таң-
дағанда есепші-бухгалтер боламын
деген ойда жүрді. Әкесі дастарқан
басында ер мінезді қызының
арқасынан қағып қойып:
- Осы қызым батыр, ештеңеден
қорықпайды, дәрігер болады, - дейтін.
Бұлар мектеп бітіретін 1993 жылы
оқу орнына қабылдаудың тестілеу
жүйесі енгізілді. Сәуір айында он
бірінші сынып оқушылары сынақтан
өткізілді де ең жоғары балл алғандар
студент қатарына қабылданды.
Аудандағы санаулы ғана оқушылардың
ішінде бұл да жоғары балл жинап,
студент атанды.
Сәуір айының соңғы күндері еді.
Мектеп директоры Қыдырбай ағайы
түннің бір уағында үйіне келіп, есік
қағып тұр.
- Қыдырбай-ау, жайшылық па,
мезгілсіз жүрсің ғой, - деді есік ашқан
Шәріпқани ақсақал қарттарға тән
секемшіл әдетпен.
Сөйтсе ағайы тестілеу сынағынан
жоғары балл жинап, студент атанған
оқушылардың тізімі жарияланған
"Ленин жолы" газетін алып келіп тұр
екен.
- Ой, аға, аманшылық, бәрі дұрыс.
Сүйінші, қуанышты хабар әкеліп
тұрмын. Бір тойыңыз бар, аға, Ләйла
қызым студент болды. Міне, өткенде
болған тестілеу сынағының қоры-
тындысы, - деп қолындағы газетті ұсына
берді.
- Ойпырым-ау, не дейді-ау?!
Мынауың жақсы хабар ғой, айналайын,
сүйіншің дайын, қалағаныңды ал, - деп
әкесі балаша қуанып еді. Сөйтіп ол
мектепті бітірмей-ақ студент атанған.
Оныншы сыныпта оқып жүргенде
қазақ әдебиетінен облыстық олим-
пиадада жүлделі орындарды иеленіп,
қазақ тілінен беретін Шәменова Сәуле
апайы "сенен жақсы әдебиетші
шығады. Қазақ тілі мен әдебиеті
факультетіне тапсыр" дегені де бар.
Бірақ бұл әдебиетші болмады,
математик болды. Орта мектепті үздік
аттестатпен бітіріп, Қызылорда
қаласындағы Қорқыт Ата атындағы
мемлекеттік университетінің физика-
математика факультетіне оқуға келді.
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы -
жас ұрпақтың тәрбиесі екендігі
даусыз. Балаларды ең бастысы,
ұлттық құндылықтарға бай, тіліне,
діліне, тарихына, әдебиеті мен
мәдениетіне, салт-дәстүріне берік,
рухы мықты, танымы мен тағылымы
кең тұлға ретінде қалыптастыру
барысында ең негізгі сын да, салмақ
та ұстаздарға артылатыны түсінікті.
Осы ретте облысымызда өткізілген
облыстық білім қызметкерлерінің
тамыз кеңесінде бүгінгі заман
талабына сай білім берудің мазмұны
мен алдағы жаңа оқу жылында
атқарылатын міндеттер пысықталды.
Н.Бекежанов атындағы облыстық
драма театрында өткен білім саласы
қызметкерлерінің дәстүрлі алқалы
жиыны "Білімді ел - мәңгі ел"
тақырыбына негізделді. Тамыз
кеңесіне облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев, ҚР Білім және ғылым
министрлігінің жауапты хатшысы
Әмірхан Рахымжанов, "Назарбаев
зияткерлік мектебі" дербес білім беру
ұйымдарының басқарма төрайымы
Күләш Шамшидинова, медицина
ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарма-
нов, ҚР Парламенті Сенатының
депутаты Мұрат Бақтиярұлы,
Парламент Мәжілісінің депутаты
Наталья Жұмаділдаева қатысты.
Кеңеске қатысушылар алдымен
көрме жұмысымен танысты. Көрмеде
аудандар мен Қызылорда қаласының
білім саласы бойынша даму көрсет-
кіштерін бейнелейтін инфографика,
слайдтар және стендтер орналас-
тырылған. Бірінші сыныптың жаңа
оқулықтарымен қатар өзге де
әдістемелік құралдар да орын алған.
Алқалы жиынның ашылу салта-
натында аймақ басшысы өңірдің
білім беру жүйесін жетілдірудегі
негізгі мақсаттар мен міндеттерге
тоқталып, бұл бағытта атқарылып
жатқан жұмыстарды саралады.
(Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тамыз
кеңесінде сөйлеген сөзі газеттің осы
санында жарияланып отыр).
Келесі кезекте сөз алған ҚР Білім
және ғылым министрлігінің жауапты
хатшысы Әмірхан Рахымжанов білім
қызметкерлерін жаңа оқу жылының
басталуымен құттықтай келе,
елімізде биыл енгізіліп отырған
жаңартылған білім беру жүйесінің
маңыздылығын атап өтті. "Дамыған
елдердің қатарына ену үшін
қазақстандықтардың білімін көтеру
қажет. Сондықтан еліміз биылдан
бастап жаңа білім беру мазмұнына
көшуді бастады. Жаңа оқу жылында
Назарбаев зияткерлік мектептерінің
тәжірибесі бойынша жаңартылған
білім мазмұны бірінші сыныптан
бастап енгізіледі. Бағдарлама 30
пилоттық мектептерде табысты өтті.
Мұғалімдердің, оқушылардың, ата-
аналардың қолдауына ие болды. Жаз
мезгілінде жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша біліктілікті
арттыру курстарынан 54 мың мұғалім
өтті. Жаңа бағдарламаға сәйкес
барлық оқулық басылып шығып,
мектептерге жеткізілді. Мектеп
формасының үлгісі және оны қандай
кәсіпкердің тігетінін ата-аналар мен
мектептің өзі шешеді. Мектеп
басшылары ата-аналарды белгіленген
бір өндірушіден алуға талап етуге
құқы жоқ. Тағы бір мәселе мектептегі
есептілікті азайту. Барлық мектептер
мен әкімдіктер үшін біртұтас ұлттық
білім берудің базасын дамытамыз.
Сондықтан электронды күнделікті
енгіземіз. Бұл қағазбастылықтан
құтылуға мүмкіндік береді",- деді
Ә.Рахымжанов.
Облыстағы білім беру саласы
бойынша атқарылған жұмыстар мен
алдағы міндеттер жайлы баяндама
жасаған білім басқармасының бас-
шысы Бақытжан Сайлыбаев дәстүрлі
тамыз кеңесі жас ұрпақты тәрбиелеу
мен оқытудағы ұстаздарды толған-
дырып жүрген өзекті мәселелерді
талқылауға мол мүмкіндік беретінін
тілге тиек етті.
- Облыстағы 3 ауысымдық білім
беруді болдырмау, мектептерде оқушы
орнының тапшылығын азайту, апаттық
мектептерді жою бағытындағы
нәтижелі жұмыстарға тоқталар болсақ,
соңғы 2013-2015 жылдары облыс
бойынша 43 білім беру нысанының
құрылысы жүргізіліп, пайдалануға
берілді. 2013-2014 оқу жылында 3
ауысымдық білім беру жойылып, 36
апаттық мектептің 25-і қайта салынды.
Бүгінгі күні 12 апаттық мектептің
құрылысына жергілікті бюджеттен
тиісті қаражат бөлініп, құрылыс
жұмыстары басталды. Облыста 708
мектепке дейінгі білім беру ұйымы,
оның ішінде 450 балабақша, 258 шағын
орталық жұмыс жасайды, оларда 47216
бала тәрбиеленуде. Облыста мемле-
кеттік-жекеменшік әріптестік негі-
зінде мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының желісін кеңейту жолға
қойылған. Мысалы, жұмыс жасап
жатқан 450 балабақшаның 293-і, яғни
65,1 пайызы, ал тек 2015 жылы ашылған
97 балабақшаның 93-і жекеменшік
балабақша екендігі сөзіміздің дәлелі.
Биылғы жылдан бастап бастауыш
мектептің бірінші сыныбы жаңар-
тылған білім беру мазмұнына
көшетіндігін, мектепалды даярлық
топтары 12 жылдық білім беру үлгісінің
0+11 сынып формуласымен
енетіндігін ескерсек, бүгінгі күнгі
мектепалды даярлық кезеңінің
жұмысына ерекше қарауымыз керек.
Байқоңыр қаласында бүгінгі күні 14
балабақша болса, оның 13-і Ресей
Федерациясының, бір балабақша ғана
қазақстандық стандарт бойынша қазақ
тілінде білім береді. Бұл өз кезегінде
қаладағы 6 ҚР юрисдикциясындағы
қазақ мектептерінің 1-сыныбына
қабылданатын балалардың қазақс-
тандық стандартқа сәйкес, мектепалды
даярлығының болуына да әсер етеді.
Мұнан бөлек, қала тұрғындарының
орыс тілінде қазақстандық стандартпен
білім алуға деген сұранысы да артуда,-
деді басқарма басшысы. Бұл ұсынысты
қолдайтынын жеткізген аймақ
басшысы "Біз Байқоңырдағы ғарыш
айлағын ғана жалға бердік. Ал, ол
жердегі халықтың әлеуметтік
жағдайына, білімі мен денсаулығына біз
жауаптымыз" деген пікірін алға тартты.
Баяндамасын әрі қарай жалғас-
тырған басқарма басшысы Б.Сайлы-
баев 2014 жылдан бері жүзеге
асырылып келе жатқан "Мәңгілік ел
жастары - индустрияға" "Серпін-2050"
мемлекеттік бағдарламасы аясында үш
жылда аймағымыздан 3829 мектеп
бітіруші түлектер солтүстік, батыс
өңірлерде білім алуға мүмкіндік
алғанын жеткізді. Қазіргі уақытта
колледждерге қабылдау жалғасуда.
Өткен жылғы мемлекеттік тапсы-
рыстың басым бөлігін иеленген Сыр
елінің жастары болды. Биылғы жылы
да біздің түлектеріміздің белсенділігі
жоғары. Өңірге қажетті мамандықтар
бойынша аз қамтылған отбасынан
шыққан биылғы жылғы мектеп
бітірушілер мен студенттерге арналған
облыс әкімінің грантын 135 бала
иеленді. Нәтижесінде бүгінгі күнге
облыс бойынша 435 мектеп бітіруші
Қызылорда мен еліміздің басқа
қалаларындағы ЖОО-да облыс
әкімінің гранты бойынша білім алатын
болады.
- Соңғы үш жыл көлемінде облыс
әкімінің қолдауымен облыстың мектеп
бітіруші түлектері Ресей федерация-
сындағы Мәскеу Ұлттық техноло-
гиялық зерттеу университетіне
(МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы
Ресей мемлекеттік аграрлық универ-
ситетіне және Санкт-Петербург
технологиялық университетіне оқуға
қабылдану мүмкіндігіне ие болды. Сыр
елі жастарының Ресейдің алдыңғы
қатарлы ЖОО-да білім алуға мүмкіндік
алуы жастардың білімге деген
құштарлығын арттырды. Қазірдің
өзінде 281 сырбойылық түлек Ресей
Федерациясының бюджеті есебінен
оқуда.
Қорытындысында аталған қала-
лардағы үш университетке барлығы
390 Сыр бойының жастары Ресей
Федерациясы бюджеті есебінен оқуға
мүмкіндік алып отыр, - деді Б.Сай-
лыбаев. Бұл ретте Қырымбек Елеуұлы
облыс әкімінің грантына қол
жеткізуге тек қана әлеуметтік
жағынан аз қамтылған отбасылардың
балалары ғана тартылатынын қадап
айтты. Ешқандай таныс-тамырдың
іске аспайтынын және оны өзі тікелей
қадағалайтынын да алға тартты.
Жаңа оқу жылынан бастап
енгізілетін жаңартылған білім беру
мазмұны ұстаздар қауымына үлкен
жауапкершілік жүктейді. Осы
міндеттерді орындау мақсатында білім
беру саласы да өзгерістерді талап етіп
отыр. Алқалы жиынға арнайы келген
"Назарбаев Зияткерлік мектебі"
дербес білім беру ұйымдарының
төрайымы Күләш Шамшидинова
"Күрмеуі көп күрделі әлемде білім
беру мазмұнын жаңарту" тақыры-
бында өз ойын ортаға салды.
- Серпінді және тұрақты даму
мәселесі барлық мемлекеттерді
алаңдатуда. Бастысы, қазіргі заманы-
мыздың қатал сынына қарсы тұра алу
үшін оқушының бойында қандай
білім мен дағдыны, көзқарастар мен
құндылықтарды қалыптастыруымыз
керек? Мектептерге ұсынылып
отырған жаңа стандарт өзгермелі
заманда әлемге тән тенденцияларға
сай және алдыңғы қатарлы иннова-
циялық практика негізінде әзірленді
деп айта аламыз. Заманға сай адамы
болады. Сол заманның қатал сынына
төтеп беру үшін балалардың бойында
ізденімпаздықты, шығармашылықты,
қайсарлықты, жауапкершілікті,
көшбасшылықты қалыптастыруымыз
керек. Қазіргі заман талабына сай
баланың алған білімі өмірлік
қажеттіліктерін өтейтіндей түрлі
жағдаяттарда шешім қабылдай
алатындай, өзіне жауапкершілікті
алып, сенімді болуға үйрету ата-
ананың, мектептің және барша
қоғамның міндеті болуға тиіс,-деді
Күләш Ноғатайқызы.
Ұлт болашағы ой-өрісі терең,
интеллектуалдық деңгейі жоғары
ұрпақтың қолында. Келер ұрпағымыз
ауру-сырқаудан көз ашпаса, онда
болашақ туралы айтудың да жөні жоқ.
Өйткені, ой саулығы - жанның
саулығына, жан саулығы тәннің
саулығына тікелей қатысты. Ал,
тәннің саулығы біздің күнделікті
ішіп-жейтін асымызға, өмір сал-
тымызға байланысты екені баршаға
мәлім. Әуелден "Ас - адамның арқауы"
деп, тағам сапасына қатты мән берген
қазақ бүгіндері жұмысбастылық
салдарынан тез тамақтануға үйренді.
Балалар чипсы мен "Кока-коланы"
қорек қылып, бұрын-соңды болмаған
семіздік дертіне шалдықты. Нәти-
жесінде онсыз да саны жағынан өзге
елдермен салыстырғанда, аз сана-
латын халқымыз бала көтере алмау,
обыр, туа біткен жүрек ауруы сынды
қатерлі ауруларға тап болып, емхана,
жұмыс пен үйдің арасын тоздыратын
жағдайға жетті. Тек қазақ қана емес,
бүкіл әлем осындай мәселеге тап
болуда. Ол жөнінде академик
Төрегелді Шарманов "Бала денсау-
лығы мен салауатын жақсарту
жолдары" тақырыбында жасаған
баяндамасында егжей-тегжейлі
мәлімдеді. "Қымыздың құрамындағы
ақуыз сиыр сүтіне қарағанда жұмсақ
келеді. Пісірілмеген, пастерленбеген
шикі сиыр сүті көпке шыдамайды.
Қымызды қайнатуға да пастерлеуге де
болмайды. Оны біздің ата-бабамыз
әуелден білген. Біз осы өзіміздегі бар
ерекшелікті пайдалануымыз керек", -
дейді академик.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет