Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2

Құрметті әріптестер, қадірлі
ұстаздар!
Еліміздің ертеңін анықтайтын ең
басты сала - білім беруді заман талабы
мен қоғам қажетіне лайықтау бар-
шамызға ортақ аса маңызды міндет,
азаматтық жауапкершілік.
Біз өркенді ел және өнегелі аймақ
ретінде білім берудегі жеткен табыс-
тарымызды ерекше мақтан тұтамыз.
Ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың
әрбір жетістігі мен жеңісін әр жерде
асырып айтып, айрықша қуанамыз.
Бірақ бүгінгідей басқосуда
аймақтағы қоғамдық-саяси және
әлеуметтік-экономикалық ахуалға
жауапты тұлға ретінде өзімізді
алаңдататын мәселелерді ашық айтып,
ойымызды ортаға салу - бізге парыз.
Ондағы мұратымыз - "біткен іске
сыншы көп" дегендей, біреуді сынап,
жемісті жұмысты жоққа шығару емес.
Мақсатымыз - ортақ шаруаны ілгеріле-
тудің амалдарын бірге ойластырып,
жаңа жолдарын табу.
Бүгінгі күні мектеп қабырғасында
зияткерлікті дамытамыз деп,
зиялылықты қалыс қалдырғанымыз,
санаға ден қойып, тән мен жанның
саулығын назарға алмауымыздың
салдары қоғамдық дертке, елдік қатерге
айналып барады. Сондықтан мектеп
қабырғасындағы бала тәрбиесіне
жаңаша зер салып, тиісті көңіл бөлетін
уақыт жетті. Қоғамдағы кейбір
оқиғалар біз біраз уақытты ұттырып
алғанымыздан хабар беруде.
Ең әуелі, мұғалімдер қауымы
осыны терең ұғынып, тәрбие
жұмысына жаңаша қарап, баланың
мінез-құлқын, жаны мен жүрегін
жасытпай, санасы биік тұлға
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне шындап
кіріспесе, жасампаз да, белсенді
әрекетке көшпесе, жас ұрпақты заман
талабына лайықтаудың берекесі
келмейді. Тәрбиесіз берілген жалаң
білім ұлы Абай айтқандай "кемел
адамды" қалыптастыра алмайды. Қазір
әлемдік педагогиканың өзінде тәрбиені
білімнің алдына қойып отыр. Бала
санасына жалаң білімді тықпалай
берудің орнына, жеткіншекті сол
білімді өз бетімен алудың жолдарына
тәрбиелеуге баса көңіл бөледі. Біз білім
алудың жолдарын меңгерген,
күнделікті өмірдің сынақтарына дайын,
ұлттық құндылықтарға терең
сусындаған, әлемдік мәдениетке
құрметпен қарайтын ұрпақ тәрбиелей
алсақ, келешегіміздің кемелдігін де
қамтамасыз ете аламыз.
Міне, дәл осы ұлт тәрбиесі мәсе-
лесінде қазақтың халықтық қасиетінің
қаймағы бұзылмаған біздің Сыр елінің
республикаға көрсетер озық үлгісі мол
болуы керек деп санаймын. Біз әдетте,
"Сыр - алаштың анасы" деген сөзді
мақтанышпен айтамыз, көрнекті жерге
жазып та қойдық. Осы бір ұлы сөздің
астарында Сыр тек қазақтың өсіп-
өнген құт мекені ғана емес, ұлттың
рухани уызға жарып, мәдени
марқаюының да қайнар бұлағы
болғанын көрсететін терең мағына
жатыр. Осы орайда, ұлы дарияның
жағасында тұнып жатқан тарихи
жәдігерлер, Қорқыт атадан басталатын
даналар мен данышпандар ғибраты,
сыр сүлейлері мен ақын-жыраулар
мұрасы, ортамызда жүрген көкірегі
күбірлеген қариялар мен өнегелі ұрпақ
өрбіткен алтын алқалы аналар, тіпті,
еңбек пен адамгершілікті жанына серік
еткен қарапайым шаруа адамдары -
барлығы тұнып тұрған тәрбиенің тұма
бұлағы емес пе? "Мәңгілік Елдің"
рухани мәңгілігі де осы халық
мұрасынан нәр алуы тиіс. Біз әлемдік
ғылым жаңалықтарына, тың техно-
логияларға ұмтыла отырып, ұлттық
тәрбиенің мәңгілік құндылықтарын
естен шығармауымыз керек. Мен
Қорқыт Ата атындағы университет
ғалымдары мен жергілікті ғалым-
педагогтарға осы алтын қазынаны
тереңдеп зерттеп, ел игілігіне жаратуды
тапсырамын.
Аталған міндеттердің барлығы
Мемлекетіміздің Басшысы, Тәуелсіз
Қазақстанның тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
бастамасымен жасақталып, іске асы-
рылып жатқан келелі жоспарлардан
туындайды. Тәуелсіздіктің таңы атқан
кезден-ақ Елбасы дамуымыздың
діңгегі білім мен ғылым екендігін басып
айтып, "болашаққа - кемел біліммен"
деген баршаға ортақ формуласын
ұсынды. Соның аясында, қазақстандық
білім беру бұрын-соңды болмаған
қарқынды ілгерілеу кезеңіне аяқ басты.
Елімізде жүздеген мектеп пен
балабақша бой көтерді. Жоғары оқу
орындарын қолдау, ұстаздардың
ғылыми ізденісіне қажетті гранттар
бөлу, "Болашақ" бағдарламасы,
"Назарбаев Университеті" мен "Назар-
баев зияткерлік мектептері", "Балапан"
бағдарламасы, мектепке дейінгі білім
беруді 100 пайызға жеткізу, 12 жылдық
орта білімге көшу, мектептердегі 3
ауысымды оқуды жою, апатты
мектептер мәселесін түбегейлі шешу,
кәсіптік білім беруде алғашқы
мамандықты тегін беру туралы
шешімдер, білімдегі инновацияларға
көрсетілетін жан-жақты қолдау -
осының барлығы қазақстандық білім
беруді мүлде жаңа деңгейге көтерді.
Мемлекет басшысы ендігі жерде
бар күшіміз бен жігерімізді жұмыл-
дырып, әлемдегі озық 30 елдің
қатарына кіруді міндет етіп қойған-
дығын білесіздер. Соның ішінде
білімдері ілгері, денсаулығы мен рухы
мықты, мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ
тәрбиелеу міндеті тұр. Өйткені тәуелсіз
Қазақстанды "Мәңгілік Ел" ететін -
талапты да тәрбиелі, сезімі сергек,
көкірегі ояу, жүрегі Отаным деп
соғатын жаңа буын. Сол жас өркеннің
рухын биіктетіп, қанатын қатайтып,
әлемдік бәсекеге қосатын сіздерсіздер,
мәртебелі ұстаздар! Сондықтан да
білім беруді тәрбиемен жаңаша
ұштастырып, оның сапасын көтеру -
мәртебесі биік, маңызы зор,
жалпыұлттық мүдде. Сол ұлы істе
абыройларыңыз асқақ болсын, Сыр
елінің ұстаздар қауымы!
Назарларыңызға рахмет!
Ә.Дамиров және басқалар облыс
әкімінің осы бағыттағы сауалдарына
жауап қайтара келе, білім саласына
және мектеп бітіруші түлектерге жасап
жатқан қамқорлығына өз ризашы-
лықтарын білдірді.
Шара қорытындысында бірқатар
ұстаздар "ҚР Білім беру ісінің үздігі"
атағы мен "Ы.Алтынсарин" төсбелгісін
иеленді. Сонымен қатар, Білім және
ғылым министрлігінің Құрмет
грамотасы, Алғыс хаты табысталды. Ал
"Үздік орта білім ұйымы" номинация-
сын иеленген №4 облыстық дарынды
балаларға арналған мектеп-
интернатына 17 миллион теңгенің
сертификаты берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет