Соңы 2-бетте. Тамыз кеңесі Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
Ардақты ұстаздар! Құрметті әріптестер! Бүгін біз ежелден қалыптасқан дәстүр
бойынша, еліміздің басқа да аймақ-
тарымен қатар жаңа оқу жылының
кезекті тамыз кеңесіне жиналып отырмыз.
Биылғы келелі жиынымызға Қазақс-
тан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің жауапты хатшасы Рахым-
жанов Әмірхан Мұратбекұлы, "Назарбаев
зияткерлік мектептері" дербес білім беру
ұйымының басқарма төрайымы Шәмша-
динова Күләш Ноғатайқызы, сондай-ақ,
Қазақстан Парламенті Сенатының депу-
таты Мұрат Бақтиярұлы Мұхамедов пен
Парламент Мәжілісінің депутаты Жұма-
ділдаева Наталья Васильевна қатысып
отыр.
Сондай-ақ, біздің арнайы шақыруы-
мызбен кеңеске білім беру мен тәрбие
ісінің тәжірибелі ұйымдастырушылары,
алаштың ардақты ағалары - Қазақ
тамақтану академиясының директоры,
академик Төрегелді Шарманұлы Шар-
манов және әлденеше мәрте халық
қалаулысы, Қазақстан Республикасы
ұлттық академиясының президенті бол-
ған, экономика ғылымдарының докторы,
профессор Кенжеғали Әбенұлы Саға-
диев қатысып отыр.
Құрметті меймандар, қасиетті Сыр
еліне қош келдіңіздер!
Еліміздің барлық мұғалімдерімен
бірге сырбойылық ұстаздар қауымының
да жаңа оқу жылы қарсаңындағы тамыз
кеңесінен күтері көп. Олай болса,
конференциямыз көкейдегі көп сұраққа
жауап берер, келелі кеңес болсын деген
тілекпен кіріспе сөз сөйлеу үшін мінбеге
шығуға рұқсат етіңіздер.