Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2
7 қатынас ыдыстар ФО, Сабырхан Карина ктарих
Ардақты ағайын!
Ұлт тәрбиесінің ұлағатты ұстаздары!
Білімді дамыту, ұстаздарды қолдау,
оқушылар мен түлектерге барынша
жағдай жасау - біздің елде қашан да ең
басты міндеттердің қатарында. Бұл -
ұстаздармен кездесуде айтылуы тиіс
әдепкі сөз емес, келешегімізді кемел,
елдігімізді мәңгі етуді көздейтін мем-
лекеттік көзқарасымыз және азаматтық
ұстанымымыз.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе" дейтін
ұлы Мұхтар Әуезовтің даналық сөзі бізді
ең әуелі мектепке зер салуға, мектептегі
білім беру мен тәрбие ісіне ерекше көңіл
бөлуге шақырады. Өйткені біз үшін
қоғамның тал бесігі - мектеп, ал
тәуелсіздікке тірек болар жас ұрпақ нәр
алатын бастау - білім мен мектеп
қабырғасында берілетін тәрбие.
Біздің оқу-ағарту саласын дамытуға,
білім сапасын көтеруге бағытталған бар
жұмысымыз осындай алтын өзекке
негізделген.
Сапалы білім - қомақты қаражат талап
ететінін ескеріп, біз білім беруге басқа
бірде бір саламен салыстыруға келмейтін
қаржылық қолдау көрсетіп келеміз.
Биылғы жылы білім беру саласына
облыс бюджетінің 38 пайызы, нақты
айтсақ 75 миллиард теңге бөлінді. Соңғы
төрт жылда Қызылорда облысы білім беру
саласының бюджеті 34 миллиард теңгеге,
яғни, екі есеге артты.
Бүгінде жалпы облыс бюджетінің 62
пайызы әлеуметтік салаға бағытталады.
Қызылорда облысының әлеуметтік
шығындардың жан басына шаққандағы
үлесі республикада соңғы үш жыл бойы
бірінші орында тұр.
Соның ішінде, білім саласының үлесі
аса қомақты. Осындай қолдау мен
қамқорлықтың, қойылған талап пен
ұстаздар қауымы еңбегінің арқасында
білім беруде қол жеткізген табыстарымыз
да аз емес. Атқарылған жұмыс пен
жетістіктер жөнінде басқарма басшы-
сының баяндамасында егжей-тегжейлі
айтылатын болады. Ал мен алда тұрған
міндеттер мен қазіргі кезеңнің ерек-
шеліктеріне сәйкес, білім беру жүйесін
жетілдіруге қатысты бірқатар ойларымды
ортаға салғым келеді.
Біздің түсінігімізде, білім беру - әр
баланың бойындағы айналаны танып
білуге деген құштарлыққа сүйене отырып,
оған қоршаған орта мен тіршілік қамы
туралы жан-жақты білім беріп, тәрбие
сіңіру. Ал тәрбие дегеніміз - әр баланың
өзін-өзі, айналасындағы адамдарды,
қоғамды, туған ұлты мен Отанын танудан
басталып, айналаға деген тұлғалық және
азаматтық ұстаным қалыптастыруды
білдіреді.
Біз өтпелі кезеңде, негізінен, берілетін
білімнің құрылымы мен мазмұнына
ерекше екпін түсірдік.
Алайда, мектептегі тәрбие жұмысын
жаңарту, оны заман талабына лайықтап,
мемлекет пен қоғам мүддесімен ұштас-
тыруды назардан мүлде тыс қалдырдық.
Аумалы-төкпелі уақыттың әлеуметтік-
экономикалық қиыншылықтары мен
қоғамдық қатынастардың түбегейлі түрде
өзгеруі, ғаламдық деңгейдегі экономи-
калық тұрақсыздық, экологияның
нашарлауы, мәдениет пен моральдің
құнсыздануы, жаңа технологиялар мен
медианың қуатты күші - әсіресе, өскелең
ұрпақтың денсаулығына, ақыл-ойы мен
мінез-құлқына, тұлғалық қасиеттері мен
азаматтық бет-бейнесіне қатты әсер
етуде.
Бұл құбылыс тек бізге ғана тән емес.
Барлық озық елдердің білім беру жүйелері
өскелең ұрпақтың тәні мен жанын аман
сақтап, оларды санасы сау, сезімі сергек,
ертеңінен үміті зор, үлкен өмірге
дайындығы жоғары, жетілген тұлға
ретінде қоғамға қосудың амалын іздеуде.
Өкінішке орай, біздің бұл бағыттағы
аяқ алысымыз әзірге көңіл көншітпейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар
қоры - ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойын-
ша, Қазақстандық оқушылардың жар-
тысы ғана денсаулығы жақсы деген топқа
жатады, қалған балалар түрлі аурулар
бойынша тәуекел топтарына тіркелген.
Денсаулығына қарай тәуекел тобына
тіркелген қызылордалық оқушылардың
үлесі - 47 пайыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет