Бөлім
|
Адам болам десеңіз ...
|
Педагогтың аты – жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
№
|
9
|
Сабақтың тақырыбы
|
Адам абыройы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Өзін – өзі қадірлеу
|
Құндылығы
|
Ақиқат
|
Қасиеттері
|
Жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық, өз-өзіне адал болу
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға «абырой», «ар» ұғымын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
|
Міндеттері
|
Білімділік: Оқушыларға өз – өзіне адал болу керек екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шыншыл болуға тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күй
|
5 Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
Татулық.
«Нұрға бөлену» мәтінін оқу
|
5Т ережесін еске түсіреді
Көздерін жұмып отырады.
Алған әсерлерімен бөліседі.
|
«Хрустальная грусть» композициясы
|
Үйге тапсырманы тексеру
|
Мамытбек Қалдыбайдың «Адам не үшін өмір сүреді?»» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Бауыржан Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?
2. Бауыржан Момышұлының «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?
3. Бауыржан Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
4. Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыстырасыңдар?
5. Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен
|
Талдау бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық.
wikipedia.org
|
Сабақтың дәйексөзі.
|
Абырой – ар еңбегі.
Қазақ мақалы
Сұрақтар:
1. Абырой дегеніміз не?
2. Абыройдың адам өміріндегі маңыздылығы қандай?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
|
|
Оқиға айту (Әңгіме)
|
Айлакер өтірікші
Ертегі
Ерте заманда қулығы асқан бір адам өмір сүріпті. Ол адамдарды алдап сулауға өте құштар болыпты. Бұл жағынан оған тең келетін жан болмаған. Адамдарды өз өтірігіне сендірген сайын рахатқа бөленеді екен.
Бір күні ол өзенге суға түсуге келеді. Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Батып барам, құтқарыңдар!», – деп айқайлайды. Оның өтірігінен шаршаған адамдар мән бермейді. Осылайша өтірікті ақиқаттан жоғары санайтын өтірікшінің өмірі өкінішті аяқталыпты.
Сұрақтар:
1. Әңгімеде адамның өмірі неліктен қайғылы оқиғамен аяқталды?
2. Адамдар неліктен өтірік айтады деп ойлайсыңдар?
3. Әңгіме кейіпкерінің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер ашылмаған деп ойлайсыңдар?
4. Осы ертегіден өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?
|
Мәтін бойынша талдау сұрақтарына жауап береді
|
|
Шығармашылық жұмыс.
|
1 - тапсырма:
● Ұят жүрген жерде, абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.
● Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
● Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.
● Адамгершілік абырой әпереді.
● Абыройыңды жасыңнан сақта.
|
Мақал-мәтелдерді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарады.
|
|
Жобалау қызметі
|
|
|
|
Топпен ән айту
|
«Адам
Сөзін жазған Тұманбай Молдағалиев
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды
|
Тақтада ән мәтіні көрсетіледі
|
Үйге тапсырма
|
Жұбан Молдағалиевтың «Кішіпейілдік» мәтінін оқып келу.
|
Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады
|
Оқулық
|
Сабақтың қорытынды сәті.
|
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
|