Сабыржан ТӨРНИЯЗОВ,
"Барсакелмес мемлекеттік табиғи
қорығы" РММ-нің
мемлекеттік инспекторы.
Құттықтау
Асқар тау әкеңіздің, асыл анаңыз-
дың қанымен дарыған құдіреттің
арқасында жүзіңіздің жарқырап,
асулы жеті белесіңізді нық басқан
туған күніңіз құтты болсын!
Сәке, ақырын жүріп анық басатын
білімді, ақыл-парасатыңмен, мейірімді
қасиеттеріңмен шәкірт жүрегін
баураған ұлағатты ұстаз атандың.
"Ұстаз болу - жүректің батырлығы"
демекші Сәкең шәкірттерін білім
нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие
беруде, жақсы қасиеттерді бойына
дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-
бағдар беруде аналық, ұстаздық
қамқорлыққа бөлеген жан.
Сәкең матиматика пәнінен дәріс
бере жүріп, мектеп директорының
бастауыш сыныптар жөніндегі орын-
басары қызметін абыройлы атқарып,
тәуелсіздіктің тұғырлы да, ғұмырлы
болуына үлесін қосты. Қашанда
халықшыл (ата-ана, жұртшылық)
мінезімен көрініп, парасаттылықтың
үлгісін көрсетті.
Сәкең қажылық сапарға даярланып,
ниет етіп, дем алуды, саяхат жасауды
емес, мінәжат етіп, тәубаға келіп
Алланың алдындағы мақсатына жетуді
ойлап, шүкір, қажылыққа бару
парызын орындады, "Қажы" атанып
оралды.
Құрбымның жер қозғалса да
салмақты қалпынан бір танбайтын
сабырлы, жымиғаны жүрек жылы-
татын жан дүниесі жібектей, иманы
жүзінен төгіліп тұрады.
Сәкеңнің төзімділігі, парасат-
тылығы, ақылдылығы мінез байлығы
көпке үлгі.
Балалары білікті маман болып,
халық алдында абыройлы қызмет
атқаруда, іргелі шаңырақ атанды,
немерелері желкілдеп өсіп келеді.
Қадірлі Сәке!
Аналардың сарқытындай, асыл-
дардың көзіндей болып, күле беріңіз,
жүре беріңіз, балаларыңыздың,
немерелеріңіздің аялы алақанында
болыңыз.
Тайызға түспеуге тырысып,
байызға бағып, жайсаң жанның жеті
белесіне деген құрбылық көңілдің ізгі
шуағын себемін.
Достарыңызбен бөлісу: |